Жексенбі, 24.11.2024, 10.45.25
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 1
Конактар: 1
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » FAQ [ Добавить вопрос ]

    Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
       Құрметті "Ақиқат" иамандылық ауылына келген қонақтар! Аллаһ Тағала қалап оталмыш сайт дүниеге келді. Бұл сайттың мақсаты асыл дініміз Исламды уағыздау, салт-дәстүрлерімізге орай тәрбиелік мәдени үлкендерге құрмет ілтипатты насихаттау.
     Мұндағы мақалалар да, сұрақтарыңызға жауаптарда еш бүлік тудырмау мақсатында барынша Имам Әбу Ханифа мазһабында беріледі.
       Көкейдегі қойылған сұрақтарығызға пәтуа берілмейді. Тек діни көз қараспен Ислам ғалымдарының пәтуаларымен және фиқһ мәселесінде өз мазһабымызбен жауап беріледі.
       Айталық ҚМДБ-ның пәтуалары, Мысыр елінің Муфтиятының кей елімізге жарамды пәтуалары, Әбу-Ханифа мазһабы бойынша кітаптардан және "Нұр-Мүбәрәк" университетінің доктор, профессорларының да жергілікті мәселелерге айтар пікірлерінен де алынып отырады.
        Ендеше сауалдарыңызды қойып отырыңыздар. Сондай-ақ, сауалдар мен жауаптар "Мұсылман" журналының әр айсайынғы санына беріліп отырады.
            Айтар пікірлеріңіз болса, қонақтар бөліміне кіріп бізбен бөліссеңіздер нұр үстіне нұр болар еді.
                                     "Ақиқат" - Имандылық ауылының админі. 
 
 
 
Орналастырған: Zheniskaz (akikat) Рейтингі: 4.8/12

     Негізінде толығырақ "Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ" - деп айтылады. Мағынасы: "Сіздерге Аллаһтың аманшылығы және рахметі мен берекеті болсын" - деген. Кімде ім осылай толық айтар болса оған 30 сауап жазылады. Ал, Тек "Ассаламу алайкум" яғни "Сіздерге аманшылық болсын" - деп қана айтар болса 10 сауап жазылады.

Орналастырған: Zheniskaz (akikat) Рейтингі: 5.0/20

    Жихадты дегенді көпшілігіміз дұрыс түсінбейміз. Әртүрлі пікірлерге де барып жатамыз. Толығырақ жихад жайлы еліміздің ҚМДБ-ның ресми сайтынан қараңыздар:
http://muftyat.kz/944-zhi1211ad-degen-ne-ony1187-terrorizmmen.html 
      
 
Орналастырған: Еркебулан (erkosh__) Рейтингі: 4.6/13

       

      Айды Аллаһ Тағала өзі білген хикметтерімен түнде нұр шашып жарық болып тұруға жаратқан. Сондай-ақ пенделері айға қарап жыл санауы мен уақыт белгілерін аңғаруға болатын мүмкіндік еткен. Бұл жайында Аллаһ елшісінің (с.а.с) бірнеше хадистері бар. Хусайн ибн Харис риуаятында: Меккенің әмірі хұтпасында "Аллаһ елшісі біздерге ғибадаттарды көрумен орындауымызға бұйырды" - деген. (Әбу Дауд).

       Ибн Омар (р.а) былай деп риуаят еткен. Аллаһ Елшісі (с.а.с): "(Рамазан) Айды көргенде ораза тұтыңдар, (Шаъбан) айды көріп ауыздарыңды ашыңдар" - деген. (Имам Термизи).

      Ал, енді Ислам рәмізі ретіндегі ай белгісіне келер болсақ, ол Осман дәуіріндегі оқиғалар себеп болған. 1453 жылы Султан Мухаммад Фатиһ Византиянын жүрегі саналатын Қустантия (немесе Қанстантия болса керек) яғни қазіргі Станбулға шабуыл жасайды. Ислам тарихынын шешуші күресті бастау уақытын аспандағы ай көрінуін белгіленді. Сол ай көрінумен шайқас басталып, бұл маңызды болған қала басып алынды. Кейіннен жеңген мұсылмандар туларына ай белгісін орнатқан. Ол кезде Осман дәуірі халифалықты әлі алмаған кез болатын. 1516 жылы Сұлтан Салим бірінші ислам өлкелеріне үкім етуді қолға алды. Жалаудағы ай белгісі сол кезден бастап басқада мұсылман жұрттарының туларына енгізіле бастады. Бүгінгі күнде 13 мемлекетте сол ай белгісі туларында орын алған. Соның кейбірі Алжир, Пакстан, Малайзия, Сингапур, Тунис және Өзбекстан сондай-ақ Туркия, Әзербайжан мен Түркменстан сияқты мемлекеттер.

       Тап осы сияқты мешіттердің үстіне ай белгісін орнату осыдан қалған. 

(Дұрысын бір Аллаһ білуші)

Орналастырған: Абдулла Амантай Рейтингі: 4.2/8

Ассаламу алайкум!

       Сұрағыңыз толық емес секілді... Жалпы Ислам жайлы өте көп айтуға болады. Бірақ сұрағыңыз нақтырақ болмағандықтан кішкене жалпылай айтып өтелік.

       Аллаһ Тағала Құрани Кәрімде "Маида" сүресінің, з - аятында: "Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым" - деген.

       Демек Аллаһ Тағала Құрани Кәрімде баршамызға Ислам дінін дұрыс көргендігін баяндап отыр. Бұл дүниеге келудегі мақсатымыз, тек бір Аллаһқа құлшылық ету үшін жаратылғанымыз жөнінде Құранда аят келген. Әз, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) осы Асыл дініміздің қайнар бұлағы болған "Құран және өзінің сүннетімен" жүрсек адаспайтынымызды ескертіп кеткен. Және бір хадисінде Исламның 5 негізін айтып: "Ислам бес негізде құралған: Аллаһтан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед оның елшісі екендігіне куәлік ету. Намазда тұру, Зекет беру, Рамазан айында 30 күн ораза ұстау және шамасы жеткендерге қажылық жасау" - деген.

       Міне осы 5 негізді орындауымыз мұсылмандықтың белгісі. Және бұл 5 негізден кейін міндеттер, тиымдар, сенімдер сондай-ақ, жақсы болған сауапты амалдар сияқты басқада тармақтары бар болып оларғада амал етуіміз қажет.

         Жалпы Аллаһтық разы көрген осы Ислам діні арқылы аққатты танып бұл жалғанға келудегі мақсатымызды түсініп Аллаһтың сүйіншілер Жұмағына бағыт аламыз. Сол жолға бағыттау үшін қасиетті Құран түсіріп ол құранды егжей-тегжейлі түсіндіріп беруге бүкіл әлемге рақым етіп әз Пайғамбарымызды жіберген болатын. Ендеше Исламның жолында жүріп, Аллаһтың ақ жолынан ауытқымайық.

        Аллаһ асыл ниеттерімізді қабыл етіп, өзінің сүйікті құлдарынан етсін. Әмин! 

Орналастырған: Тасимова Луиза Сейдалиевич Рейтингі: 4.7/6

     Оң қолыңызды (алақаныңызды) сол (алақаныңыздың) қолыңыздың үстіне қойып, кіндіктің астына қол қуысырасыз.
Дәлелдер: Қабиса ибн Һулб әкесінен риуаят еткен хадисте:
      "Пайғамбарымыз (с.а.с) бізге имамдық қылғанда сол қолдарын оң қолдарымен ұстап алатын еді" - деген. (Термизи).
                 Және бір хадисте Алиден (р.а) былай риуаят қылынады:
      "Сүннет - Намазда алақанын алақанының үстіне қойып, кіндіктің астына қою" -  деген. (Абу Дауд пен Ахмад).
      Міне осы риуаяттармен Әбу Ханифа мазһабында қолданылады. Және көптген ғұламалар да қолданған.
Орналастырған: Сабыржан Есмурзин Рейтингі: 4.3/7

       
       Арсыздықтан арларын қорғап, шынайы адал мұсылманша зейнеттерін жабынып жүруге бұйырған Аллаһ Тағалаға сансыз мадақтар болып, әз, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар болғай.
         Хиджап киюге лайық болу керек сияқты? – депсіз. Хиджап киюдің еш лайықты боларлықтай ерекшелігі жоқ. Тек әйел заты болсаңыз болғаны, сіз хиджап киюге лайықтысыз. Себебі Құранда Аллаһ Тағала Құранда «Ахзаб» сүресінің 59 аятында: «Иә, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: Үстеріне бүркеніштерін орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Аллаһ Тағала аса жарылқаушы, тым мейірімді» - деген аяты арқылы не үшін хиджап киюге міндетті екендігін түсінеміз. 
        Медицина ғалымдары әйел кісілердің басына орамал таққандар мен тақпайтындар арасында пікір таласып тәжірбие жасасыпты. Сонда базарға кірген шаштары ашық әйелдердің үйлеріне қайтқанда ауырлау күймен қайтып шаштары көп нәрсені жабыстырып алатындықтарын аңлап шаштың жабық жүргендігін қош көріпті. 
       Хиджаптың тағы бір қырын өмірден алып қарасақ болады. Шаштары жалбырап, ашық-шашық жүретіндерге көшеде тұрған ерлердің жалтаң-жалтаң қарауы мен піштулап ысқырып тиісіп жатқанын көп байқаймыз. Алайда хиджап кигендерге тасмалдау көлігінде орынберіп ерекше сыпайылық танытқандарды да көріп іштей қуанып жатамыз. Рас хиджап кигендерге тиісіп араптың, түріктің киімі деп тиісіп жатқандарда жоқ емес. Оларға айтарымыз мынау: Кезінде Сайн көшесімен Сифулин көшесінен орын алған жек көрінішті қыздардың киімдерімен қазіргі таңдағы қаракөз қыздарымыздың киімдеріне көз тастап ой жүгіртіп көрелікші, айырмашылығы қаншалықты?! Бәлкім алдымен намаздарын оқып ешкімге зиянын тигізбей жүрген хиджаптағы қарындастарымыздан көрі батыстың елдің көркін бұзар ашық-шашық киінген киімдерін түзеген дұрыс болар?! Ата бабаларымыз Исламның бұл жабыну жолын дұрыс түсініп өз қазақи тұрғыда кимешек, сәукеле секілді келтіріп, шашақ-оюлармен өрнектеп Аллаһтың әміріне лайықты етіп, киім пішін жасаған-тын. Өкіншке орай мұндай киімлермен қазіргі таңда тасымалдау көліктерінде жүру қиынға соғады. Себебі шетелге еліктеген бұзылған жастардың үстеріне сынған сүйектермен үштік темірлері ол көйлектің шашақтарын пырым-мырым шығаратыны болса, екінші жағынан мұндай көйлектер қымбатұа түсіп, Силкуай, Адем деген сияқты сауда орталықтарында пәленбай деп өте қымбат бағата сатылып жатқаны, жыртық киімдердің арзандау бағамен тұрғандығы тағы бар.
      Жалпы, арсыздыққа қорғаныш болар хиджаптан артық ештеңе жоқ, және әрбір әйел заты хиджап киюге лайықты деп білемін.  



Орналастырған: Гулназым (Nazka) Рейтингі: 4.9/14

       Аллаһ Тағаланың әміріне тәкаппарлық етпей тұрған кезде есімі «Ібіліс» болған. Ал, Шайтан – араб тілінде (شطن) деген етістіктен шығады. Яғни алыстау деген мағынаны береді. Ібіліс Аллаһ әміріне пасықтық етіп, бой ұсынудан және бой ұсынушылардан сондай-ақ тәубе етуден алыстады. Жәннаттан және Аллаһтың кешірімінен алыстады. Сол себептен алыстаушы яғни Шайтан – деп аталды.  
     Не үшін Ібілістің шайтан деп аталғанын білдік. Ендігі кезде Шайтанмен жынның айырмашылығы қандай? Соған тоқталып өтсек.
        Жындар шайтаннан емес, Шайтан - жындардан болып табылады. Аллаһ әміріне пасықтық еткен жындар – Шайтан деп айтылады. Бірақ мұсылман, мүмін жындар да бар. Олар шайтан деп айтылмайды.

 
     Бұл жөнінде кеңірек мақалалар бөлімінен оқысаңыз болады, онда толық қарастырылған. Немесе мында - http://akikat.ucoz.ru/publ/4-1-0-33

Орналастырған: Ihtyar Ashen (akikat) Рейтингі: 5.0/7

Уа алайкум ассалам! 

    Бұл жөнінде солай айтып жүргендерді естіп жүрміз. Олай деулерінің себебі Исламда мұндай келіннің сәлем салу үрдісі болмаған. Бірақ Сәлем салу Қазақтың салт-дәстүріне жататын құрмет есебінде жасалады. Тіпті арап халықтарында да мұндай сәлем салу кездеспейді. Сондықтан сәлем салуды Аллаһқа серік санайтындардың көпшілігі сол арап мемлекеттерінде оқып келген бауырларымыздан туындайды. Бірақ Араптар сақынадағы әртістің, каратеге қатысушылардың екі қолын салбыратып (сәлем салған сияқты) еңкейюіне құрмет есебінде болса рұқсат еткен пәтуалары бар. Міне жәй естіп, кескінді үкім шығармай жан-жақты қарастырып алған дұрысырақ болады. 

     Аллаһқа құлшылық жасау бұл ниетке байланысты болмақ. Ал келіннің сәлем салуындағы мақсатын не деп ойлайсыз, Құрмет есебінде "Сәлем бердік" дегеніндей ма? әлде құлшылық есебінде ма? Әрине құрмет ниетінде. Ендеше олай деп бүкіл қазақ халқын серік қосушылар қатарына жатқызбағанымыз абзал. 

     Серік қосуға жатқызатын кісілердің өздері өзін дұрыстап алсын дегім келеді. Аллаһ әрбір нәрсені ниетке қарай береді. Ал ниетіміз бүлік шығарып, халқымызды серік қосушыларға жатқызсақ. Онда өз ниетіміздің қандай болғаны.

    Жақында осындай серік қосуға саналады деп, келіні сәлем салмай бірнеше жас отбасылардың ажырасуға дейін барған оқиғаларына куә болдым. Біз бірінші қатып қалған дәстүрлі жәйбір нәрсеге тиісе бермей, алдымен дінді толық жеткізуге тырысайық.

    Толығарақ жазуға бет алмадым. Себебі осы тақырып жайында мына жерден толығырақ және дәлірек оқысаңыз болады:

http://muftyat.kz/830-kelinni1187-1199lkenderge-s1241lem-saluy.html 

Дұрысын Аллаһ қана білуші.

Орналастырған: Буыржан Рейтингі: 4.5/6

Бұл сұрағыңызды орынды деп білемін.

     Иә, расында қазір кітаптардың алуан түрі жарық көруде. Оның қайсысы тура қайсысы бұрыс екендігі жөнінде білу қарапайым халыққа расыменде қиындық тудыруда. "Фазаил амалдары", "Ислам діні" және "Нұрнама" т.б көптеген түрлері бар.

Бұл жерде мен төменегідей жолдармен таңдауға кеңес берер едім:

  1. Кітаптың ҚМДБ-да сарапталғандығын қараңыз;
  2. Немесе, қазіргі таңда танымал діни баспа үйлері жұмыс істеуде. "Нығмет" баспа үйі, "Мұсылман" баспа үйі, "Шапағат нұр" баспа үйі, "Кәусар" баспа үйі, Көкжиек және "Әл Баракат" сондай-ақ, "Нұр-Мүбәрак" баспалары жұмыс істеуде, сонан шығып жатқан кітаптарды алсаңыз болады деп білемін.
  3. Немесе, қай жер болмасын әлхамдулиллаһ мешіттер аз емес. Сол мешіттердің Имамдарына жүгініп кеңес сұрасаңыз артық болмас еді. Себебі Имамдардың барлыға ҚМДБ-ның бағытымен жүреді.
  4. Шетелден оқып келді екен деп немесе білімі бар деп әркіммен кеңесе беруге сақтықпен қарағанда дұрыстау болады.
  5. Сосын әрине осы сайтты пайдаланып сұрасаңыздар да болады. Немесе діни басқарманың www.muftiat.kz ресми сайты бар.

     Міне осындай мүмкіншіліктерге көз жеткізсеңіз дұрыс болмақ.

Орналастырған: Асыл Бек (Asyl) Рейтингі: 4.6/5

     Бұл қазіргі таңда қиындық тудырып жүрген мәселелердің бірі. Көптеген Аллаһтың парызын орындап, намаз оқып жүрген сүйікті құлдары осы сұрақты жиі қоюда. 

          Әз, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) "Аяқ киімнің бауында Аллаһтан сұраңдар" - деген хадисі бар. Демек ең алдымен Аллаһтан жұмыс бабында намаз оқуымызға жеңілдіктер бере көр деп жалынып сұрауымыз қажет. Бірақ басшыларымыз бүгінгі күндері түсініп қалдығой, сондықтан рұқсат сұрап 5-10 минут уақытыңызды тым мүмкіншілік қиындау болса тек парызын ғана оқуға рұқсат алып, бөлмеңіз (офисыңыз) бір ғана бөлме болса сол бөлменің бір бұрышына жайнамазыңызды жайып жіберіп оқысаңыз кім сізге не дейді? Пайғамбарымыз, сахабалар қаншама ғазауаттарда қиындығына қарамай жолын тауып намаздарын қаза қылмауға тырысқан. Ата-бабаларымыз ше?! Кеңес одағында халық жауына санағанына қарамастан тығылып намаздарын өтеген.

       Ендеше біздің жағдай олардан ауыр емес деп ойлаймын. Ең бастысы мына аятқа көңіл бөліп көрелік. Аллаһ Тағала Құрани Кәрімде: "Кім Аллаһтан шынайы қорқатын болса оған шығар жол тауып береміз"- делінген мағынасында. Ендеше Аллаһтан дұға етіп, намаздың қаза болып кетуінен қорқып, өтеуге амалын іздесек күтпеген жерден Аллаһ нәсіп ететіні жөнінде жоғарыдағы аяттың жалғасында баян еткен.

         Ал, оқуға еш жағдай жасалмаған деген сөзіңізге келер болсақ, намаз әжетхана мен моншада оқуға болмайды. Ал басқа жердің барлығы таза болса оқи бересіз. Және таза жерге сәжде ету үшін заман талабына сай қалта жайнамаздарда жоқ емес. Егерде тіпті еш мүмкіндік жоқ деп санасаңыз тіпті отырған орындығыңызда жолда көліктегіше оқысаңыз болады. Бұл сіздің намазды қаза қылмауыңыз үшін берілген жеңілдік. Осы арада бір мысалы келтіріп өтелік:

      Ертеректе бір ғалым кісіге жала жабылып, түрмеге түскен екен. Түрменің ең төменгі қабатына достарымен бірге қамауға алады. Сонда мұз болып қатқан зәрлерді үстерінен тастап қинапты. Аяқ жылуымен еріген зәр үстіне қайта-қайта мұзды зәр тастап отырған екен. Сонда ұйықтауға да, намаз оқуға да, дәрет алуға да, таяммумға да мүмкіншілік жоқ. Сол кісілер Аллаһтан қорыққандарынан амалын тауып намаз оқығанда кезекпен еңкейіп тұрып бір-бірлерінің арқасына сәжде жасаған көрінеді. Мұндай қиын-қыстау заманда үзірлі саналып дуал шаңына немесе киім шаңына таяммум соғып, парызын өтеуге дінімізде жеңілдіктер бар. Аллаһ Тағала "Бақара" сүресінде "Дінде зорлық жоқ" - деген аяты бар.

     Және ескере кетер жайт, аятта "Расында намаз мүміндерге өз уақытында парыз етілді" деген.

     Ендеше ниетіңізді бір Аллаһқа бағыттап, жолын тауып оқуға тырысыңыз. Мүмкіншіліктің тіпті болмайтыны ақылға қонғысыз. Аллаһ амалдарымызды қабыл етіп, Намаздарымызға өз уақытында берік қылсын.

 

Орналастырған: Луиза Рейтингі: 4.6/11

     Сауалыңызға алдын ала жауап беріліп откен ҚМДБ-ның сайтына сілтеме берейін. 
http://muftyat.kz/798-d12011171a-zhasa1171annan-kejjin-betti-sipau.html
Немесе томендегі бойынша оқи аласыз:
----------------------------------------------------------------------------

       Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дұғадан кейін бет сипағанына байланысты "және" сипаңдар деп бұйырған көптеген хадистері бар. Мысалы,
عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا رَفَعَ يَدَيْهِ فِي الدُّعَاءِ لَمْ يَحُطَّهُمَا حَتَّى يَمْسَحَ بِهِمَا وَجْهَهُ
Бұл хадис Омардан (р.а) риуаят етілді. Ол былай деді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолдарын дұға ету үшін көтерер болса, оны жүзіне сипамастан түсірмейтін еді» (әт-Тирмизи, 3308. Қосымша қараңыз: әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 1923. Муснад Абд ибн Хамид, 40, әл-Муғжамул-әусат лит-Табарани, 7252. Субулус-сәлам шарху булуғул-Марам лис-Санғани). 
عن ابن عباس رضي الله عنهما ، قال : قال رسول الله صلى الله عليه وسلم : « إذا سألتم الله فاسألوه ببطون أكفكم ، ولا تسألوه بظهورها ، وامسحوا بها وجوهكم »
Осы хадис Ибн Аббастан риуаят етілді. Ол былай деді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.): Аллаһ Тағаладан тілеген кезде алақандарыңның сыртымен емес, ішімен тілеңдер және алақандарыңды жүздеріңе сипаңдар деді» ( әл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 1924. Және қосымша қараңыз: Әбу Дәәуід, Бабуд-Дуға. Муснад Абд ибн Хамид, 717). 
عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا دَعَوْتَ اللَّهَ فَادْعُ بِبَاطِنِ كَفَّيْكَ وَلَا تَدْعُ بِظُهُورِهِمَا فَإِذَا فَرَغْتَ فَامْسَحْ بِهِمَا وَجْهَكَ
Ибн Аббастан риуаят етілді. Ол былай деді: «Аллаһ Елшісі: Аллаһ Тағалаға дұға етер болсаң алақаныңның сыртымен емес, ішімен ет. Біткеннен кейін алақандарыңмен жүзіңді сипа» деді (Сунану Ибн Мәжжа). 
Жоғарыдағы келтірген хадистердің барлығының дәрежесі әр хадисті жеке алғанда «әлсіз». Бірақ әлсіз хадис басқа да риуаяттармен келер болса, бірін-бірі қуаттағандықтан хадистердің жалпы топтамасы «хасан» дәрежесіне жетеді. Ал «хасан» дәрежесіндегі хадиспен амал етуге әбден болады. Сахих Бухариге «Фатхул-бари» атты 15 томдық түсіндірме жазған Хафиз Ибн Хажар әл-Асқалани өзінің «Булуғул-Марам мин әдиллатил-әхкам» атты еңбегінде жоғарыдағы бет сипауға байланысты Тирмизидегі хадисті келтіргеннен кейін: «Бұл хадис басқа да жолдармен келген мысалы, Ибн Масғудтан. Сондықтан бет сипауға байланысты хадистердің топтамасы бұл хадистің «хасан» болуын қажет етеді» деген. Ғалым Мухаммед ибн Исмағил әс-Санғани «Булуғул-Марамға» түсіндірме етіп жазған «Субулус-Сәлам» атты кітабында Ибн Хажардың осы сөздерінен кейін: «бұл жерде дұғадан кейін бет сипаудың шариғатта бар екенін көреміз» дейді (Субулус-сәлам, лис-Санғани). 
Пайғамбарымыздың басқа бір хадисінде дұға үшін жайылған қолдың Аллаһ Тағаланың рақымы мен шарапатынсыз қайтарылмайтындығы айтылған. 
عن سلمان الفارسي ، عن النبي صلى الله عليه وسلم ، قال : « إن ربكم حيي كريم يستحيي من عبده إذا رفع يديه إليه أن يردهما صفرا »
«Сендердің Раббылырың ұлы ұят иесі әрі жомарт. Сондықтан қолдарын дұға үшін жайған уақытта оны бос (рақымы мен шарапатынсыз) қайтаруға құлынан ұялады» (Сунану Әби Дәәуід, Сунанут-Тирмизи, Сунанул-Кубра лил-Бәйһақи, Сахих Ибн Хиббан. Хадисті Хаким сахих деп бағалаған). 
Міне, сондықтан дұға жасаған адам бетін сипаған уақытта алақанындағы Ұлы Жаратушыдан келген береке мен шарапатты өзінің ең қасиетті ағзасы – бетіне тәбәрік етіп жатқандай болады. 
Бұған қоса пайғамбарымыз (с.а.у.) алақанын жайып «ықылас», «фалақ», «нас» сүрелерін оқығаннан кейін жүзіне, денесіне сипағаны жайлы көптеген сахих хадистер бар. Мысалы, 
عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا أَوَى إِلَى فِرَاشِهِ نَفَثَ فِي كَفَّيْهِ بِقُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ وَبِالْمُعَوِّذَتَيْنِ جَمِيعًا ثُمَّ يَمْسَحُ بِهِمَا وَجْهَهُ وَمَا بَلَغَتْ يَدَاهُ مِنْ جَسَدِهِ ...
Хадис Айша анамыздан риуаят етілді. Ол Былай деді: «Пайғамбарымыз төсекке жатарда екі алақанына «Қул һу Аллаһу ахад және муғаууизатайн (фалақ, нас) сүрелерін оқып үрлейтін де жүзіне және қолының жететін барлық денесіне сипайтын» (әл-Бұхари. Және қосымша қараңыз: Муслим, Әбу Дәәуід, әт-Тирмизи, ән-Насайй, Ибн Мәжжа, Муснад Ахмад). 
Демек, жалпы алғанда алақанды бетке сипау шариғатта бар. Біздің халқымыз және басқа да ханафи мәзһабын ұстанатын тіпті ұстанбайтын көптеген мұсылмандар дұғадан кейін бет сипаған уақытта осындай түсініктер мен негіздерге сүйене отырып жасаған. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «дұғадан кейін беттеріңді сипамаңдар» деп ешбір хадисінде тікелей тыймағанын ескерер болсақ, халқымыздың әу бастан әдет етіп, ғасырлар бойы қалыптастырған осындай істеріне қарсы шығу – адамдардың ойларын сан-саққа жетелеп, шатастыруға, ел арасындағы ынтымаққа кесірін тигізіп, бүлікке себеп болары сөзсіз. Сондықтан еліміздегі ғасырлар бойы қалыптасқан осындай діннің тармақ мәселелеріне қарсы пәтуә айтуға асықпаған жөн. Шариғаттың кейбір мәселелерінде пәтуалардың ел мен жердің ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отыратынан ескергеніміз жөн болар. Шариғатқа қайшы емес, осындай кішкентай мәселелерге «болмайды!» деп аттан салып, қарсы шығудың пайдасынан зияны басым. Мұндай тармақ мәселелерде халқымыздың бірлігі мен сүттей ұйыған ынтымағын басты назарға алуымыз ләзім. Парасатты мұсылман айналасында қаншама түзетілуі тиіс шариғатқа қайшы бұрыс істер тұрғанда, оларды тастап, осындай ел бірлігін балталайтын істермен айналыспасы анық. 

Қайрат Жолдыбайұлы
ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі

Орналастырған: Ажмуратов Мейрман Сундетович Рейтингі: 5.0/6

Таң намазы

    Таң намазының алдымен екі рәкат сүннеті оқылады. «Бүгінгі бамдат намазының екі рәат сүннетін оқуға ниет етттім» деп ниет етіп, дереу екі қолын екі құлағына тақап, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, тәкбір алады. Осыдан кейін қолдарын байлап, «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та'ала жәддука уә ләә иләһә ғайрука», «Ә'узу биллаһи минаш шайтанир ражим, Бисмиллаһир рахманир рахим» дейді де, «Фатиханы» оқып, соңында іштен «әмин» дейді. Одан кейін Құраннан ұзақ бір аят яки үш қысқа аят немесе сүре оқылады. Бұдан кейін «Аллаһу әкбар» дейді де, рүкүғке барады. Бұл жерде кем дегенде үш рет «СубханАллаһил-азим» деп тәсбих айтады. Сосын «Сәми' Аллаһу лимән хамидаһ» сөзін айтып, қиямға барады. Қиямға барысымен «Аллаһумма Раббәнэ уә ләкәл-хамд» деп айтады. Бұдан кейін «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеде үш рет «Субхана Раббиял-а'ла» дейді де, «Аллаһу әкбар» деп, сәждеден түрегеліп, бір тәсбих айтылатындай уақыт отырады да, қайта «Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге барады. Мұнда да үш рет «Субхана Раббиял-а'ла» деп тәсбих етеді. Осылайша бір рәкат аяқталады.
     Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп, екінші рәкатқа бастау үшін қиямға тұрады. Түрегеп тұрып тек қана «Бисмиллаһ» пен «Фатиха» және қосымша сүре оқылады. Бұдан кейін бірінші рәкаттағы секілді рүкүғ пен сәжде жасалады. Екінші сәждеден кейін отырады. Бұл – екі рәкаттық намаздың соңғы отырысы. Осы жерде «әт-тахият», «салауат», «раббанә әтина» дұғалары оқылады. Олар мыналар: «Әт-тахияту лиллаһи уас-салауату уа'таййбату, әс-сәламу а'ләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллаһи уә бәрәкатуһу, әс-сәламу а'ләйна уә а'ла ибәдиллаһис-саалихин, әшһаду ән ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ»,
    «Аллаһумма салли а'ла Мухаммәдин уә а'ла әли Мухаммәд. Кәмәә саллайта а'ла Ибраһимә уә а'ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик а'ла Мухаммәдин уә а'ла әли Мухаммәд. Кәмәә бәәрәктә а'ла Ибраһимә уә а'ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжид».
 «Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил-әәхирати хасанатән. Уә қинәә а'заабан-наар.» Осыдан кейін барып «әс-Сәламу а'лайкум уә рахматуллаһ» деп, алдымен – оңға, сонан соң – солға сәлем береді. Міне, осылайша екі рәкаттық намаз аяқталады. 
(Бұл Тан намазы "Ислам ғылымхалы" кітабынан алында).
(3 басылымы)
Мухтдин ИСАҰЛЫ, Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ


Орналастырған: Ғани Жусупов Рейтингі: 4.9/24

Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ