Қандай да бір ел болмасын сол елдің өзінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы болады. Біздің қазақ жұртында да да әдет-ғұрыптарының алуан түрі кездеседі. Соның бірі еліміздің кей өңірлерінде құрмет есебінде қалыптасқан келіннің «сәлем салу» дәстүрі. Бүгінгі күнде сол «сәлем салу» мәселесіне байланыстырып Пайғамбар (с.ғ.с) сөзіне амал етпеу салдарынан аракідік бүліктер шыға бастады.
Әлемнің жаратылысының негізі махаббат. Рақымдылық пен шапағат. Ұлы Жаратушы рақымдылық етіп бұл ғаламды жаратқанда, барлық жаратылыстың ішіне махаббат пен мейірім-шапағаттың ұрығын сепкен.