Жексенбі, 01.12.2024, 06.56.02
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 1
Конактар: 1
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Куран жайында

"Ықылас" сүресі

"Ықылас" сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.

"(Мұхаммед оларға) айт: "Ол Аллаһ, біреу-ақ.

Аллаһ мұңсыз (Әр нәрсе оған мұқтаж).

Ол, тумады да туылмады.

Әрі Оған ешкім тең емес."

      Мүшріктер (Аллаһқа серік қосушылар) Пайғамбарымызға (с.а.с) келіп: "Бізге Раббыңды сипаттап бер" - деп сұрағанда, Аллаһ тағаланың өзі осы "Ықылас" сүресін түсіріп жауап берген еді. 

     Бұл сүренің "Ықылас" деп аталуының себебі, "Ықылас" сүресі, тек Аллаһ тағалаға ғана ғибадат қылу, Аллаһқа ғана жүз бұру мен ықылас етуге үндейді.

       Әз, Пайғамбарымыз (с.а.с) өз хадистерінің бірінде: "Ықылас" сүресі Құранның үштен біріне тура келеді" - деген еді. Себебі Құранның негізгі мақсаты үшке бөлінеді екен.

1. Аллаһтың таухиды (бірлігі), жалғыздығы сияқты және ақиданы (сенімді) түзету;

2. Ғибрат, тура және өнеге алу үшін келтірілген қиссалар;

3. Шариғат үкімдері.

       "Ықылас" сүресі, осы үш негіздің біріншісін қамтыған.

      Имам Бұхари Айша (р.а) анамыздан риуаят еткен бір хадисте: "Пайғамбарымыз (с.а.с) бір кісіге тапсырыс беріп, оны бір топ әскеріне басшы етіп жібереді. Ол жанындағыларға имам болып қашан намаз оқыса, "Қул һуаллаһу ахадты" оқи беріпті. Қайтіп оралғанда осы жайтті Аллаһ елшісіне (с.а.с) айтқан кезде, Пайғамбар (с.а.с) "Оның өзінен не үшін ол сүрені оқый бергендігін сұраңдаршы" - дегенде, ол кісі: "Себебі бұл сүре Рахманның сипаты және мен оны оқуды жақсы көремін" - деп жауап береді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с): "Оған Аллаһ сені жақсы көреді деп хабар беріңдер" - деген.

      Имам Ахмад ибн Ханбал риуаят еткен хадисте, Пайғамбарымыз (с.а.с): "Кім "Қул һуаллаһу ахад"ты соңына дейін оқыса, оған Аллаһ тағала жәннаттан бір сарай тұрғызады" деген.

Категория: Куран жайында | Добавил: akikat (21.05.2009)
Просмотров: 5832 | Рейтинг: 4.8/6 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ