Я, қазіргі кезде елімізде не көп - әкесінің ақшалары тасып тұрғандай ақшаға құнығып, аузынан темекісі, қолында сырасы түспей іші адамға толған Казинолар саны көбейіп баруда.
Қарап отырсаң ол казиноны жасаған адам да, сол казиноның егесіде ақымақ емес көрінеді. Себебі түрлері қызарып, білмеймін түнімен ұйқтамағандікі ма? Әйтеуір адам шошыр халде шығып келе жатқанын көргенде қалтасындағы бар ақшасынан айрылғанынан байқайсың.
Үлкен кісілердің сөздеріне қарасақ балам ондай ойындарға жолай көрме деседі. Әрине таза адал жұмыс істеп өз қызметіңмен таппаған ақшаның қалайша берекесі болсын. Рас ол жерде ойнап отырғаның сенің қызметің болып саналатын шығар сенің ойыңша? Жоқ, қызметің саналғанымен адал іс емес, неге дейсіз ғой? Себебі ол жерде ұтқызған ақшасы үшін қанша күйініп жатса біреулер боқтанып жатады. Ал ондай ақшадан қалайша түбінен жақсылық табамыз. Тіпті бірі ұтқан күннің өзінде қызығып сол ақшаны оданда көбірек алып қалармын деп басын салбыратып отырғаны тағы бар.
Аллаһ Тағала қасиетті Құранда Наба (Амма) сүресінде 9-10 – аятында: «Ұйқыларыңды дем алыс қылдық. Түнді жамылғы қылдық» - деп аятта айтып өткен. Ендеше түнді дем алу үшін жаратқан болса түнімен казинода жүргендердің халдері қандай өкінішті.
Және Мәида сүресінің 90 – аятында: «Әй, Мүміндер! Арақ, құмар(ойындар) ... шайтан істерінен. Одан сақтарыңдар, (азабтан) құтыласыңдар» - деген.
Міне сүйікті Аллаһ Тағала қасиетті Құранда Казино секілді уақытты босқа өткізетін амалдарды ескертіп біздерді дұрыс жолға бағыттау үшін, біздерге Құранды түсіріп, Пайғамбарымызды (с.а.с) жіберіп біздерге Жұмақ жолын қалай табу керектігімізді байяндап өткен Аллаһ Тағалаға мадақтар айтып жане бір ұлықтап қоялық.
|