Бейсенбі, 28.11.2024, 10.45.52
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 1
Конактар: 1
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Уагыз - насихаттар

Allahtin 99 - esimi.
Аллаһ Тағаланың 99 - есімі жайында
        Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): Алланың 99 есімі бар. Кімде кім оны жаттап, сол есімдерге сәйкес амал жасайтын болса-жәннатқа кіреді деген.
     Ондай болса, осы есімдердің мәнісін түсініп, тиісінше амал етейік.

Аллаһ
        Алдымен осы 99 есімді жалпы қамтитын Аллаһ сөзіне келсек, бұл Аллаһтың өзіне тән есім. Аллаһ дегеніміз-Құлшылық қылынуға лайық жалғыз Құдайымыз. Бұл есімді ешкім де өзіне тағуына болмайды. Бұл барлық 99 есімді қамтитын, Аллаһтың жеке аты. Тіпті сорақы жаратылыс, перғауынның өзі де өзін Аллаһ деп атауға дәті бармай: Мен сендердің раббыларыңмын деп кеуде қағатын.
Аллаһ есімін адам есіміне қосқан кезде Абдулла деп аталады, яғни Алланың құлы. Бұл өте көркем есімдердің бірі...
    
Ар-Рахман / Ар-Рахим 
   
         Аллаһ есімдерінің ең алғашқылары: 1 Ар-Рахман; 2 Ар-Рахим.
      Екеуі де ерекше мейірімді, аса рақымды, аса қамқор деген мағыналарға жақын келеді. Себебі екі сөз де араб тіліндегі /рахма/ сөзінен туындайды.
      Бірақ, араларында мағынасы жағынан сәл ғана айырмашылық бар. Ар-Рахман сөзі Ар-Рахим сөзінен қуаттырақ, күштірек болып табылады.
     Ар-Рахман-бұл осы дүниедегі барлық тіршілік атаулына түсірілетін мейірімі. Кәпір болсын, мұсылман болсын бәріне бірдей мейірімін төгіп, бала, ақша, жұмыс, денсаулық, ақыл, пана беруі. Яғни Алланың мейірімі бұл өмірде бәріне бірдей беріледі.
    Ар-Рахим-бұл Қиямет күніндегі тек қана мұсылмандарға берілетін мейірім. Яғни Қияметте кәпірлер азапқа душар болып, Аллаһтан мейірім сұрағанда оларға берілмейді. Демек, Аллаһтың мейірімі екі түрлі болады.
   Құранда Рахман сөзі 57 рет, ал Рахим сөзі 114 рет келген. Байқап қарасақ, бұл дүниедегі мейірімге қол жеткізу оңай, ал Қияметте болатын мейірімге қол жеткізу өте қиын. Сол себепті де осы дүниедегі мейірім 57 рет келсе, о дүниеде берілетін мейірім, қол жеткізу қиын болуы себепті одан екі есе көп келген. 114 ті екіге бөлсек 57 шығады.
    Бұл есімдерге қалай амал жасаймыз?
Жалпы күнделікті беріліп жатқан нәрселердің бәріне шүкіршілік жасап, байлыққа да, балаға да, ақылға да, жаза білуге де, оқу білуге де және тағы басқа кез-келген нәрсеге мақтанып, кеуде кермеу керек. Мұның бәрі де сіздің ақылдылығыңыздан емес, бәлкім Аллаһтың мейірімімен. Аллаһ мейірімі болмаса, бұлай жасау мүмкін болмас еді. Ондай болса Аллаһқа құлшылық жасайық!!!
  Адам есіміне қолданған кезде Абдурахим, Абдурахман деп айтылады. Қазақтар арасында Рахман деген аты бар адамдар болса есімдерін Абдурахман деп өзгерткендері дұрыс болады. Себебі Рахман деген есім тек қана Аллаһқа тән...
 
Әл - Мәлик
 
      Аллаһтың 99 есімінің үшіншісі-Әл-Мәлик. Патша, Билеуші мағыналарына жақын. Жаратылыстың барлығының иесі, патшасы. Оның билігі барлық биліктен асып түседі әрі Оның билігіне тең келер ешқандай билік жоқ та, болмаған да болмайды да. Біздің өміріміз, барлық мүмкіншілігіміз Оның билігінде. Қай кезде қаласа береді, қашан қаласа алады. Патшалар осы дүниедегі билікті басқарады, ал ол сол патшалардың барлығын да басқарады.
Адам есіміне қосылғанда: Абдулмәлик деп келеді. Аллаһ тағаланың ең жеккөретін есімі: Әл-Мәликул Мулук. яғни ешбір адам өзін патшалардың патшасы, Билеушілер сұлтаны, Сұлтандардың сұлтаны деп атамағаны жақсы. Бұл Аллаһтың жеккөретін есімі. Себебі патшалардың патшасы-Аллаһ.
        Бұл есімге қалай амал жасаймыз:
        Елестетіп көріңіздерші, сізді мектеп директоры өзінің бөлмесіне шақырса қорқасыз ба? Әрине, мектеп директоры десе кезінде бәріміз де қорқатынбыз. Ал енді бастықтардың алдына барсаң мүлдем сөйлей алмай қаласың. Ал енді президент шақырса сөйлемек түгіл орныңнан қозғала алмассың оның рұқсатынсыз. Бұл барлық адам бойында кездеседі.
      Ал Аллаһ барлық теңеулерден ұлы, бұл теңеулерден жоғары. Ертең Қиямет болған кезде Оның алдында ешкім сөйлемек түгіл сыбырлауға шамасы келмей қалады. Сол күнді еске алайық. Тіпті осы өмірде кеуде керіп марқайған патшалардың өзі Оның алдында ешкім болмай қалады. Ол біздің өмірімізді де, тағдырымызды да билеуші. Ондай болса бізде бар нәрсенің бәрі де Аллаһтыкі. Өзім таптым, өзімдікі деп мақтана бермейік, бәлкім ол да сен де Аллаһтың мүлкісің. Қалай қаласа солай жұмсайды, ал біз Оның үкіміне мойынсұнамыз...

 
Әл - Қуддус
 
Төртінші есім: Әл-Қуддус.
Бұл қазақ тіліндегі Мүбәрак, таза, пәк деген мағынаға жақын келеді. Ғұламалар бұл есімді түсіндіріп: "Яғни ширк пен күпірлікте болған адамдардың айтқан сөздерінен пәк, олардың таққан кінәларынын таза"-деп түсіндірген. Християндар: "Иса Құдайдың баласы, Құдайдың балалары бар"-дейді, кейбір ақымақтар: "Ол да ішеді, жейді, ұйықтайды"-дейді. Кейбіреулер: "Құдай бар болса неге маған әлі келмейді?"-дейді. Міне, осындай айтылған былапыт сөздердің бәрінен де таза. Өте пәк. Бала иемденбейді, барлық нәрсеге күші толық жетуші. Өзіне тән есімдерінің бәрі де өзіне тән, еш кемшілігі жоқ. Пайғамбарымыз рукуғ пен сәжде жасаған кезде осы есімді көп қайталап айтатын.
Бұл есімге амал етемін деген жан болса: Намаздағы рукуғ бен сәждеде осы есімді қайталап айтсын: "Суббухун, Қуддусун Роббул мәләикәти уар-рух"-деп. Сондай ақ, Аллаһ жайындағы барлық жаман ойдан, кемшіліктен аулақ болғаны дұрыс. Серік қосушылар сияқты Аллаһты елестетпегені жөн. Абайдың қара сөзінде: Аллаһты ақылмен ойлап суреттеу мүмкін емес деген мағынада бір сөз айтқан. Сондықтан да Аллаһты пәктеп, барлық кемшілік атаулыдан алыстатайық.
Адам есіміне қосылғанда: Абдулқуддус болады...

 
Әс - Сәләм
 
          Келесі бесінші есім: Әс-Сәләм. Мағынасы: Амандық беруші, есендік беруші сөздеріне жақын. Құранда бұл сөз бір рет келген.
Жалпы "Сәләм" сөзінің тілдік мағынасы-амандық. Ал бұл Аллаһ тағала есіміне айтылған кезде үш нәрсені білдіреді.
--Біріншіден: Аллаһ тағала барлық кемшіліктен, барлық толымсыздықтан, жамандықтан аман. Байқап қарасақ, алдында айтып кеткен: Әл-Қуддус есіміне мағынасы жақын келетін сияқты. Бірақ, екі есім арасындағы кішкентай айрмашылықты айта кетсек, Әл-Қуддус дегеніміз "Яғни ширк пен күпірлікте болған адамдардың айтқан сөздерінен пәк, олардың таққан кінәларынын таза". Бірақ, бұл осы шақ және өткен шақты білдіреді. Ал енді Әс-Сәләм яғни "аман" сөзі келер шақта осындай сөздерден пәк, аман болатынын білдіреді. Демек, есімдері мен сипаттарында ағылған кіна, өсек, жаман сөздердің бәрінен аман, Аллаһқа еш зияны тимейді деген сөз. Ондай болса адамдардың: Мен құлшылық қылмаймын деген сөзінен Аллаһ тағалаға зиян келмейді, себебі Аллаһ тағала ондай нәрселерге мұқтаж емес, адамдардың немқұрайлы болғанынан Аллаһтың дәрежесі түсіп қалмайды, себебі Аллаһ барлық кемшіліктен аман.
--Екіншіден: Аллаһ есендік пен амандық иесі. Адамдардың сау болуы, баланың жатырда даму кезеңінде аман болуы, жер планетасының басқа планеталармен соғысып қалудан аман болуы-Аллаһтың құдыреті. Себебі амандық беруші Аллаһ. Ондай болса Аллаһқа шүкіршілік етейік. Аура жандарға бір көз тастап, Аллаһтың сізге берген есендігіне тәубе етейік.
--Үшіншіден: Жаратылыстың барлығы да Оның (Аллаһтың) зұлымдығынан аман болуы. Себебі Аллаһ тағала ең әділ, әрі ешбір нәрсеге зұлымдық жасамайды. Біреудің қайтыс болуы, біреудің ауыруы оған жасалған зұлымдық емес, бәлкім сол нәрсе астарында үлкен хикмет жатуы мүмкін. Ал ол нәрсені тек Аллаһ біледі. Себебі Аллаһ тағала зұлымдық атаулыдан пәк, одан аман.
Міне, Аллаһқа қатысты Әс-Сәләм есімі осындай мағыналар береді. 1.Кез келген кемшіліктен аман; 2Амандық беруші; 3Жаратылыстағылар Оның зұлымдығынан аман;
Бұл есімге амал жасағылары келгендер болса: Ең алдымен Аллаһ тағаланың кемшіліктердің бәрінен де аман екеніне сену керек. Сондай ақ біздің де, басқаның да аман болуы Аллаһтың қолында. Әрі өзіміздің осы дүниеде атқарған ісіміз үшін өзіміз жауап береміз. азапталсақ, өзіміздің кінамыз, себебі Аллаһ зұлымдық жасамайды.
Сондай-ақ, Аллаһ тағала өзінің шынайы құлдарын, мүмин болған мұсылмандарды тозақ азабынан аман алып қалатынына сену керек.
Сондай-ақ, Аллаһ есімін ауызға алып, мұсылмандармен сәлемдесу-өте жақсы іс, тіпті жәннат кілттерінің бірі. Яғни Әссәләму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ деп айту. Пайғамбарымыз бір хадисте былай деген: Сендер толық иман келтірмейінше жәннатқа кірмейсіңдер. Ал өзара сүйіспеншілік болмайынша толық иман келтірмейсіңдер. Сендердің араларыңда өзара сүйіспеншілік орнатудың септігі болатын нәрсені айтайын ба? Өзара сәлемдесіңдер"-деген. Міне, сәлем беру-мұсылманның белгісі. Мұсылмандар өзара әссәләму алейкум деп амандасу керек. Привет, салам, қалайсың дегеннен гөрі Аллаһ есімін ауызға алған мың есе артық, әрі жаннат кілті.
Соңынан айтарым: Аллаһқа қатысты айтқан кезде: /Әссәләму алаллаһ/ яғни Аллаһқа сәлем болсын-деп айтылмайды. Бірақ /Әттахияту лилләһи/-деп айтылады, яғни Сәлем Аллаһқа тән деп айтылады. Себебі Аллаһтың өзі Әс-Сәләм.
Ондай болса, өзара амандасып, Аллаһ есімін ауызға алу өте жақсы нәрсе.
(Ескерту: Қазіргі таңда терроризм, экстремизм дегенді Исламға жапсарушылардың сөздері бос сөз. Себебі Ислам діні де осы Әс-Сәләм сөзінен түрленген туынды сөз. Ал мағынасы да амандық, бейбітшілік деген сөзге жақын, ондай болса бір адамға бола жалпыға топырақ шашпайық. Террорист болғандарды террорист деңдер, бірақ Исламға тіл тигізбеңдер!)
Адам есіміне қосылған кезде: Абдуссәләм болады...

Әл - Мүмин
       Келесі, алтыншы есім: Әл-Мүмин. Құранда бір жерде келген.
      Негізінен бұл есімнің екі мағынасы бар: Растаушы және қорғаушы немесе амандық беруші.
Растаушы деген мағынасына келер болсақ, Аллаһ тағала өзінің жалғыз екенін растайды. Өзі түсірген кітаптар, пайғамарларды растайды. Яғни осы нәрселердің жалған еместігін білдіреді. Ал Аллаһ тағала растаған, дұрыс деп білген нәрселерге сенген адам мүмин немесе мұсылман болады.
Ал егер де бұл есімді қорғаушы, амандық беруші деген мағынасымен алатын болсақ, онда Аллаһ тағала Құранда былай деген: Шынайы түрде иман келтіріп, жақсы амалдар жасаушылар үшін амандық болады. Әрі олар тура жолда дейді.
Демек, Аллаһ иман келтірген құлдарына екі дүниеде де амандық береді.
Жалпы тәпсір ғұламалары бұл есімді түсіндіргенде былай деген: Әл-Мүмин-яғни өзінің құлдарын зұлымдықтан сақтайды, қорғайды әрі осы уәдесін растайды дейді. Зұлымдығынан сақтайды дегені, яғни Қиямет болған кезде ешкімге де зұлымдық жасамайды. Барлық адам тек өзінің істеген ісі үшін жауап береді. Сөйтіп есеп айырысқан соң тиісінше жазасын немесе сыйын алады.
Демек, Аллаһ тағала растаушы. Оның тарапынан келген кітап, пайғамбар, Оның хабарлаған нәрселерінің бәрі де ақиқат. Ал бұл нәрселерге сенбеуші, көз жұма қараушылар болса Алланың Растаушы деген есімін жоққа шығармақ.
Аллаһ тағала шынайы түрде иман келтіріп, жақсы амал жасаушы құлдарына амандық береді. Оларды қорғайды. Мұндай үлкен нығметке асықсақ қандай жақсы болар еді...!
Бұл есімге амал етем деген жандар болса, оларға айтарым: Аллаһ тарапынан келген нәрселерге толық иман келтіріңіздер. Ешбір сөзге күмәнмен қарамау керек. Бәлкім Аллаһ тарапынан келген барлық нәрсені қабылдап, мойындап, бұйырылғанды атқарған жөн. Себебі сұралатынымыз ақиқат нәрсе. Ал сұрақ алаңына жиылған кезде амандыққа лайықты болғандар-Иман келтіріп, жақсы амал жасағандар. Жақсы амал деген не десеңіз, ол Құлшылық пен Аллаһтың бұйрықтары деп жауап қатамыз.

 
Әл - Муһәймин
 
      Жетінші есім, Әл-Мүһәймин. Құранды түсіндіруші үлкен ғұламалар бұл есімнің мағынасын екі түрлі түсіндірген. Бірінші топ "Өзі жаратқан нәрсенің бәрін де бақылап тұрушы"-десе, екінші топ "қамқорлық жасаушы"-деп түсіндіреді.
Егер де біз бұл есімді "Қамқоршы" деген мағынасымен алар болсақ, онда үлкен хикметтерге көз жеткізе алар едік. Ана құрсағында жатқан жас балаға тоғыз ай үзбестен тамақ жеткізіп, кіндік арқылы тамақтандырушы кім? Әлбетте Қамқоршы раббымыз. Кейін туылып, шыр етіп жылаған кезде кіндіктен айрылған балаға кім тамақ бермек? Әлбетте екі емшектегі сүтті азық етуші, Қамқоршы Аллаһ. Үлкен галактикадағы планеталар сәл орындарынан қозғалса үлкен апаттар болады. Ал сол планеталарды сақтап, бір жүйемен жүргізуші кім? Бізді әртүрлі апаттардан сақтап тұрушы кім? Әлбетте қамқоршы Аллаһ.
Ал екінші мағынасы-Өзі жаратқан нәрселерді бақылап тұрушы. Біздің айтқан сөздеріміз, әстеген істеріміз, жасаған жақсылықтарымыз, атқарған жамандықтарымыз Аллаһтың назарынан тыс қалмайды. Аллаһ бәрін бақылап, бәрін біліп тұрады. Алайда, бізге еркіндік берілген. Не істесек те өзіміз үшін. Жақсылық жасаймыз ба, жамандық жасаймыз ба, бәрі де өзімізге кеп тиеді. Себебі Аллаһ бәрін бақылап, әркімнің жауабын тиісті түрде береді.
Әл-Мүһәймин есімі Құранда бір жерде ғана келген. Араб тілі өте бай тіл. Бір сөз болғанның өзінде осындай үлкен мағыналар сиғызады. Бізге қамқорлық жасап, тура жолды көрсету үшін Құран түсіріп, Оны түсіндіру үшін пайғамбарлар жіберіп тұрушы Аллаһым өте пәк. Енді осы Құрандағы айтылғанды орындау-орындамау біздің еркімізде. Ал мұның бәрін де Аллаһ бақылап, біліп тұрады. Жауабын өзіміздің ісімізге байланысты бермек. Біздің жақсылық, біздің жамандық Аллаһқа, Оның билігіне еш зиян немесе пайда әкелмейді. Бәрі де өзіміз үшін...
Аллаһтың қамқорлығынан үміт үзбейік, әрі бізді бақылап, бәрін көріп, біліп тұрғанын ұмытпайық. Ал бұлай болу үшін не керек екенін бәріміз де білеміз!!!

Жалғасы бар ...
 
     ...


Источник: http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=25011&page=4
Категория: Уагыз - насихаттар | Добавил: akikat (29.05.2007) | Автор: Азамат Саденов
Просмотров: 12386 | Комментарии: 13 | Рейтинг: 4.7/32 |
Всего комментариев: 131 2 »
13 elnazmakhmetkanova  
0
саламатсызба жалгасын калай окысак болады??

12 sandu  
0
jalgasin kalay alamiz

11 Акайдын  
0
Жалгасын кайдан окимыз

10 ФАТИМА  
0
jalgasyn kaidan okimyz

9 Nazarov Temirhan  
0
Jalgasin tauip beresizderme Alla raziligi yshin!

8 akiykat  
0
alla raze bolsen sizderden , almuhaymin siypatenan keyin gi siypattarenda xigarsangezdar . kazakxasen taba almay jur edim jahse bolde.

7 Yernur  
0
magan tugel esimderi kerek edi

6 мумин  
0
Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатуh. Аллаh агаланын 99 коркем есімі боліміндегі жалгасын калай окуга болады? СІЗДЕРГЕ АЛЛАh ТАГАЛА РАЗЫ БОЛСЫН

5 A0D1C5CCC3D3CBDC  
0
Сіз де Алла тағаланың шапағатына бөлене беріңіз.
Алланың мейірімі шексіз.

4 Улдана Максутовна  
0
СИЗДЕРГЕ АЛЛАНЫН НУРЫ ЖАУСЫН. ИЗДЕГЕН МАТЕРИАЛЫМДЫ ТАПТЫМ. КОП-КОП РАХМЕТ!

1-10 11-13
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ