Қайрымдылық
Бұл оқиға Омар ибн хаттабтың халифалық құрып тұрған заманында болған. Бір күні хазіреті Омар мен Али ибн Әбу Талиб басқада сахабалармен бірге Харам мешітіне зиярат етіп жүр еді. Сол кещде олар қартайған, көзкөруден қалған, жүруге әлі жоқ, бір қарт әйелді арқалап алған кісіні байқады. Оның қағбаны айнала жүріп өз-өзіне: «Ей, Раббым, мен анамды өмір бойы арқалап, көлігі болып өтсем де ештеңем кетпейді. Оның алдындағы қарыздарымның ең құрғанда кейбірін өтесем екен. Әміріңе бойұсындым., иа, Раббым» – дегенін естиді. Сол кезде Омар ибн Хаттаб қасындағыларға: «Қане біз де мына тәуәп етіп жүрген адамдарға қосылып айналайық. Бұл уақыт құлдарына Аллаһтың рахымы мен кешірімі түсетін сәт. Мүмкін, Аллаһтың рахымы мен кеңшілігі қартайған анасына қызмет етіп жүрген мына кісінің құрметі үшін бізді де жарылқар» – дейді.
Источник: http://Мұсылман журналынан |