Бейсенбі, 28.11.2024, 10.29.12
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 1
Конактар: 1
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Уагыз - насихаттар

Менін катысым канша?

        Менің жұмысым емес қой ……………….

      Бір  өлкеде  4 кісі өмір сүріпті .  Олардың  есімдері   БАРЛЫҒЫ , БІРЕУ ,ӘР КІМ

және  ЕШКІМ  екен .

      Бір күні маңызды бір іс ортаға шығыпты . БАРЛЫҒЫ  бұл  істі  БІРЕУДІҢ жасай-
тындығына сеніпті . Бұл істі ӘРКІМ жасай алатын еді , бірақ  ЕШКІМ жасамапты .

БІРЕУ  бұл жағдайға ашуланыпты . Өйткені істі  БАРЛЫҒЫ  атқару керек еді ,

БАРЛЫҒЫ   ӘР КІМ жасайтын шығар деп ойлапты .  Бірақ,  ЕШКІМ  БАРЛЫҒЫ
атқармай  қалады деп ойламапты.
 Соңында  ӘРКІМНІҢ жасай алатын ісін ЕШКІМ  жасамағаны үшін  БАРЛЫҒЫ
 БІРЕУДІ  кіналапты .
 ИншаАллах  бұл  біздің  өлкеміз  емес.

 Дінімізде  фарз міндетті түрде орындалуға тиісті амал. Фарыздар Аллахтың әмірі.

Олар ішінара 2 бөлінеді :

 Фарз айн әрбір мұсылманның өзі атқаруы тиіс амал. Мысалы :  дәрет алу , намаз
оқу ,ораза ұстау . Бұларды біреудің орнына басқа біреу атқара алмайды .
Фарз кифая мұны мұсылмандардың бір бөлігі орындаса ,өзгелерге жауапкершілік 
 жүктелмейді. Жасағандар сауап алады , атқармағандар күнә алмайды. Мыс : жаназа
намазы . Бірақ, фарз кифая болған жаназа намазына ешкім қатыспаса, ол жердегі
бүкіл мұсылмандар күнә жүктеп алады. 
     Ақылды мұсылмандар өзінің жауапты болмаған ісін де шын көңілмен атқаруға
дайын тұрады .Себебі, олар жамағатқа байланысты қажетті бір жұмыста “ бұдан не
пайда” деуі , ол істің жасалмай қалуына жол ашатындығын біледі. Осындай көзқара-
спен өзіне міндет жүктеп алу арқылы ол өзіне көп сауаптар жинайды .
    Көбінесе адамдар жеке басының істерінде көрсеткен табандылықты , бірігіп атқа-
ратын істерде көрсете алмауда. Мысалы:  әр кім өз үйін тазалауға тырысқандай , дәл
солай шын көңілмен көшесін тазалай алмайды .
   Алайда айналамыздың тазалығы біздің қандай екендігімізді көрсетеді емес пе ? Ал
біз болсақ үйдің қоқысын сыртқа ысыруымызбен тазалығымызды емес, тек өзімшіл-
дігімізді көрсетудеміз. Мұндай адамдар көпшілікпен атқаратын істерге “менің қаты-
сым қанша ”деп еш мән бермеуде .Әркім осындай түсінікте болып істі бір-біріне
сілтесе оны кім атқармақ ? Осы орайда мына мысалға тоқтай кетсек :
    Баяғыда бір патша өз халқының жауапкершілігін тексермек болып мынандай бір
айла ойлап тауыпты : Мемлекеттің әрбір тұрғыны таң атқанша патша сарайындағы
 кұдыққа бір шелектен сүт әкеліп құю керек болыпты. Mұны естіген тұрғындар
шелектерін алып әмірді орындауға кірісіпті .Таң атысымен патша құдыққа келіп
қараса ,ол құдық сүтке емес суға толы екенін көріпті. Неге десеңіз ?
Тұрғындардың көпшілігі “мені түннің бір уақытында кім көрер дейсің” –деп, сүт
орнына су толы шелекпен келген екен, тұрғындардың аз бөлігі ғана әмірді толық
орындапты .Сөйтіп көпшіліктің  менің суым көпшіліктің сүтінің арасында білінбей
қалар деген ойымен құдық сүтке емес суға толыпты .
Мықты бір ел боламыз десек біздің түсінігіміз“ менің қатысым қанша ”деген түсінік
емес , “ ешкім болмаса мен бармын ” деген “ маған керек ” деген ойға ие болса игі
еді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің / с ғ с/ “ Кімде кім  игі іске бастама болса , оны
істегеннің сауабындай сауап алады ” деген хадисімен амал етуімізді жазсын Раббым
бізге әр кез.
 
Шағырбай Перизат,  Жамбыл обл. Қордай ауд.
      Ы. Алтынсарин мектебінің оқушысы 
Категория: Уагыз - насихаттар | Добавил: akikat (22.04.2008) | Автор: Перизат
Просмотров: 1572 | Комментарии: 9 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 2
2 Айман  
0
рахмет айналайын қандай ақылды мақала

1 Asem  
0
Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ. Ote jaksy oi kaldyrady!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ