Жексенбі, 01.12.2024, 04.13.45
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 1
Конактар: 1
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Уагыз - насихаттар

Шайтандар жиналыс хаттамасынан.

 

Шайтандардың жиналыс хаттамасынан

 

 
Ібіліс бүкіл шайтандармен жиналыс ұйымдастырып оларға былай деді:

«Біз мұсылмандардың мешітке баруына кедергі бола алмадық. Олардың Құран оқуына, ізгі істер жасауына да кедергі бола алмадық. Ең бастысы олардың әрдайым Хақ Тағаланы және сүйікті Елшісі Мұхаммедті (с.а.с) ойлауына тосқауыл қоя алмадық. Олардың Аллаһ Тағаламен байланысы өте қатты, үзе алмадық»

«Олай болса, мейлі мешітке барсын, бір-бірлеріне арқа сүйеп, ауызбіршілікте болсын. Бірақ, олардың алтын уақыттарын ұрлаңдар! Осылайша олар Аллаһ Тағала мен Пайғамбары Мұхаммедті(с.а.с) ойлайтын және иманын нығайтатын уақыт таба алмасын. Сендер қалайтыным  осы!» – деді Ібліс.

Иә, иә күні бойы Аллаһты ойлайтын, иманын нығайтатын уақыт таба алмасын! Оларды бос қалдырмауға тырысыңдар! Сол сәт бүкіл шайтандар:

«Мүны қалай іске асырамыз?» – деп шулады.

«Олардың ақыл - ойын ылғи кішкентай нәрселермен толтырыңдар» –деп жауап берді Ібліс.

«Оларды ақша жұмсауға итермелеңдер, жұмсап, жұмсап қарызға белшесінен батсын»

«Әйелдерін сыртта жұмыс істеуге итермелеңдер, оған қоса күйеулері де аптада 6-7 күн,  10-12 сағаттан жұмыс істесін. Осылайша олардың өздеріне және жанұясымен бірге болатын бос уақыты қалмасын.»

«Олардың балаларымен бірге уақыт өткізуіне кедергі болыңдар, үйдің өзінде жұмысын ойлайтын халге жеткізіңдер. Бастары қатып Аллаһпен бірге болуға шақыратын кішкентай дауыстың өзін ести алмайтын халге душар болсын. Ылғи музыка тыңдауға үгіттеңдер, жұмыста, машинада радио, магнитофон тыңдасын, үйлерінде әрдайым теледидар, видео, компьютер қосылып тұрсын. Мейрамханаларда, дүкендерде де музыка ойнасын. Осылайша олардың ақыл–ойы басқа жақта болып, Аллаһ пен Пайғамбары Мұхаммедті(с.а.с) ойлауға шамалары келмей қалсын.»

«Үстел үстінде ылғи газет – жұрналдар тұрсын, сол жаңалықтар 24 сағат бойына ойларынан кетпей қойсын, машина айдағанда уақыттарын босқа өткіздіру үшін жарнамаларды қолданыңдар!»

«Олардың электронды пошталарын жарнамалармен, керексіз хаттармен үйіп тастаңдар, оларды өшіру үшін де уақыт жоғалтсын»

«Журнал мен теледидар экрандарында әдемі, сұлу қыздар суреттерінің көрсетілуіне жағдай жасаңдар, осылайша еркектер шын мәніндегі сұлулықтың осы екеніне сеніп, уақыт өте әйелдерін ұнатпайтын дәрежеге жетсін!»        

«Әйелдерінің ылғи шаршап жүруіне ықпал жасаңдар, осылайша олар күйеулеріне деген сезімін көрсете алмасын, әрдайым бастары ауырсын. Әйелінен ілтипат–сезім көре алмаған күйеуі бақытты сыртта іздесін, бұл да шаңырақтың тез арада шайқалуына себеп болады»  
«Оларға мағынасыз нәрселерге толы хикая кітаптарын беріңдер, балаларына өмір сүру мен иманның маңызын түсіндірудің орнына осы кітаптарды оқып берсін»  

«Олардың сыртқа шығып, Аллаһтың жаратқандарын көріп, құдіретін танып–білуіне тосқауыл болыңдар, ғалам мен табиғаттың жаратылысындағы ғажайыпты байқамасын, түсіне алмасын»

«Оларды көбіне жабық жерлерге баруды үгіттеңдер, концертке, киноға көп барсын, айтқанымдай оларды бос қалдырмаңдар»

«Өзі сияқты достарымен кездескенде оларды өсек-аяңға итермелеңдер, нәтижесінде үрысып, керісіп кететін тақырыптарда сөз қозғаттыруға тырысыңдар, қоштасарда көңілдерінде кірбің үяласын»

«Өмірлерін өте тамаша және керемет етіп көрсетіңдер, сөйтіп Аллаһты және Оның құдірет күшін ойлайтын жағдайда болмасын! Барлық нәрсеге және бақытты өмірге тек өздерінің күш-қуаттарының арқасында жеткеніне сеніп бақсын. Берілген нығметтерге, денінің саулығына шүкір ету керектігін ұмытсын»

«Міне, үлкен жоспар осы,барлық жерде мұсылмандардың қол-аяғын шырмап, уақыттарын бос өткізулері үшін тырысып бағыңдар, Аллаһты ойлауға мұрша бермеңдер! Басқаларымен Аллаһ және Пайғамбары Мұхаммед (с.а.с) туралы сөйлеспесін!»

Сіздің ойыңызша, шайтан бұл ісінде жетістікке жетіп жатыр ма? Шешімді өзіңіз қабылдаңыз...

 

   Шағырбай Перизат

Жамбыл обл. Қордай ауд. Ы. Алтынсарин мектебінің оқушысы 

Категория: Уагыз - насихаттар | Добавил: akikat (22.04.2008) | Автор: Перизат
Просмотров: 2796 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 4.7/16 |
Всего комментариев: 7
7 Ержан  
0
Рас айтылган. Жарайсын Перизат Аллах журегине иман берип журегинди нурландыра туссин!

6 НҰРГҮЛ  
0
Кішкентай оқушы қыз болсаңда, айтар ойың ауыр-салмақты екен, жарайсың! Алла деген адаспайды, өмірде бақытты бол! Оқып риза болдым, рахмет саған.

5 Нургул  
0
Алла разы болсын!

4 tajikul  
0
Ассаламу алейкум басыңнан айналайын Перизат! Осыны дәл айтқансыз.Бастарын не болса сонымен қатыратын кейбір кісілерге дәл айтылған.Алла разы болсын,мумкін оқып ойланар.

3 Нұргүл  
0
Ақиқат тура айтылған.Алла разы болсын.

2 Нурболат  
0
Алла разы болсын! Осыны барлық жерге тарату керек! Білсін, кім адасып, кім дұрыс жолда жүргенін!

1 Мейрхан  
0
Өте керемет дүние екен!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ