Бейсенбі, 28.11.2024, 10.34.04
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 1
Конактар: 1
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Уагыз - насихаттар

Таблиғ жамағаты нені көздейді?

«ТАБЛИҒИ ЖАМАҒАТ» НЕНІ КӨЗДЕЙДІ?

 

– Сіз Пәкістанның Исламабад қаласындағы «Дауа» Ислам академиясынан діни біліміңізді жетілдіріп келдіңіз. Ондағы Исламды зерттеуші ғалым-профессорлардың көзқарасы бойынша, бұл діни оқу орнының әлемдік Ислам жамағаты арасындағы орны мен беделі қандай?

– Әлемде шариғат білімін беретін ең үлкен үш университет бар. Олар: Мысырдағы «Әл-Азһар» университеті, Малайзиядағы Халықаралық Ислам университеті және осы Пәкістандағы «Дауа» академиясы. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен діни білім алуды қалаған азаматтар келіп, оқып, оқуларын тәмамдаған соң, өз елдеріне барып, хақ дінді насихаттау жолында еңбек етуде. «Дауа» академиясы сондай-ақ, өз бетімен қызмет етіп отырған жеке оқу орны емес, мемлекет қолдап отырған үлкен білім ордасы. Сондықтан да Академияның Исламды зерттеуші профессорлары мен мұсылман жамағаты арасында беделі зор. Бұл оқу орнынан білім алу – әрбір діни қызметкердің арманы. Мен де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы бағдарламасы негізінде аталмыш діни жоғары оқу орнында білім алып келдім. Бұл мен үшін үлкен жетістік деп есептеймін.

– Соңғы уақытта мемлекетімізде халық арасында уағыз өткізетін әртүрлі секталар, діни ағымдар пайда болып жатыр. Олардың ішінде Ислам атын жамылған «таблиғи жамағат» та бар. Бұл топ көбінесе шетелдік бағытымен сипатталады. Аталған ұйымның халық арасында уағыз жүргізуіне, сіз білім алып келген  діни оқу орнындағы профессорлар мен ғалымдарының ой-пікірлері қандай?

– Дін ғалымдары мен профессорларының айтуынша, дінді насихаттап, дағуат айту үшін кем дегенде жеті-сегіз жылдық арнаулы теологиялық білімі болуы қажет. Бұрынғы сахабалардың  кезінде  де  ең білімді дін ғұламасының өзі «менің білмейтінім көп» деген. Ал өздерін «дағуатшылармыз» деп жүрген «таблиғи-жамағат» діни бірлестігінің өкілдері жеті-сегіз жылдық діни білімі түгілі бір жылдық та білімдері жоқ. Тіпті, олардың арасында бұрын қылмыстық топтарда болғандары да кездеседі. Ал, мұндай адамдарға ешқандай дін ғалымы уағыз айтуына, халықты дінге шақыруына рұқсат етпейді.

– Қазіргі кезде Пәкістан бүкіл әлемге  өз  ауқымындағы  лаңкестік әрекеттерімен танымал. Олардың көбі Исламның атын жамылған, діни экстремистік көзқарастағы тұлғалардан құралған. Сіздің ойыңызша, діннің атын жамылған лаңкестік топтар мен діни ағымдардың көбеюі олардың өз бетімен  жұмыс  істеуінен емес пе? Сонымен қатар, Үндістан мен Пәкістаннан келген «таблиғи жамағат» миссионерлерінен Қазақстанға қандай қауіп-қатер күтуге болады?

– Жаңа айтып кеткеніміздей, арнаулы білімдері жоқтықтың салдарынан, олар халық арасында дінді қандай дәрежеде насихаттап жүргенінен біз бейхабармыз. Оларға мемлекет тарапынан да ешқандай қадағалау жоқ. Қазір байқап жүргеніміздей. «Таблиғи жамағат» діни бірлестігінің өкілдері біздің ұлттық салт-дәстүрімізді ескерместен, Пәкістан ұлтының киімдерін киіп алып, ұзын сақал өсіріп жүр. Оларды көшеден көрген қала тұрғындары теледидардан көрген лаңкестік топтарға ұқсатып, секем алып, мешітке жиі телефон соғып жатады. Сондай-ақ, олар уағыз айтқанда «біз, мешіттенбіз» деп мешіттің атын жамылатын көрінеді. Таяуда қаламыздағы Восточный кентінен біреу телефон шалып: «Мешіттен келіп тұрмыз деген соң есік ашып едік, үйге пәкістандықтардың киімін киген сақалдылар кіріп келгенде, лаңкестер келіп қалды ма деп отбасымызбен шошып кеттік. Сіздер, қазір сондай «киім киетін болғансыздар ма?»– деп сұрады. Ал бізде өздеріңіз білесіздер, діни басқарма бекіткен, қазақтың ұлттық нақышында тігілген бірыңғай қыстық және жаздық шапандарымыз бар. Жалпы алғанда, осындай өз бетімен әрекет етуші, діни білімсіз топтарға тыйым салмаса, олардан қандай болса да қауіп күтуге болады деп ойлаймын. Біріншіден, бұл ұйымның өкілдері дәстүрлі дінімізге зиянын тигізеді. Сонымен қатар, радикалды, фундаментальді бағыттағы лаңкестік топтар мен экстремистік партияларға қосылып, еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі де мүмкін.

– Біздің елде мұсылмандардың басын қосатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмыс істейді. Ал, Пәкістанда осындай орталық бар ма, олардың атқаратын қызметі қандай?

– Әрине, онда да біздің елдегі сияқты діни орталық бар. Республикадағы барлық мешіттер осы бір орталыққа бағынып, өз жұмыстарын арнайы құрылған бағдарлама бойынша атқарады. Біздегі сияқты мүфтилері де бар. Ислам Республикасы болғандықтан, мұнда діни орталық мемлекеттің қолдауына ие болып отыр.

– Өңірімізде «таблиғи жамағат» діни миссионерлік ұйым мүшелерінің саны көбейіп келеді. Өздерін «дағуатшылар» деп атайтындардың көбі Пәкістанның Райванд қаласында орналасқан оқу орындарына баруға тырысады. Бұл оқу орнының әлемдік Ислам жамағаты арасында алатын орны қандай? Елімізден онда оқуға барған адамдарға қауіп төнетін жағдай бар ма?

– Райванд қаласында орналасқан діни оқу орнының бағыты дұрыс емес. Бұл туралы сол елдің ғалым-оқытушылары жиі айтатын. Атап айтар болсақ, ол оқу орны мемлекеттің бақылауында емес, өз бетімен жұмыс жүргізіп келеді. Онда не оқытып жатқаны да белгісіз. Оны бітіріп шыққан түлектерге де арнайы қызмет ұсынылмайды, яғни, басқа елдерден келіп білім алғандардың немен шұғылданатыны белгісіз. Сол себептен болар, дін ғалымдары арасында бұл оқу орнының ешқандай беделі жоқ. Ал біз барған «Дауа» Академиясына мемлекетаралық келісім бойынша барып, білім алып келгендер қазір еліміздің жер-жеріндегі мешіттерде жемісті еңбек етіп жүр.

– Әңгімеңізге рахмет. Төл дініміз – Исламды насихаттау жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!

Сұхбаттасқан Әсам БАПАНОВА.

Семей қаласы.
 

 (Мақала: "Ислам және өркениет" газетімен "Мұсылман" журналынан)

Категория: Уагыз - насихаттар | Добавил: akikat (05.01.2009) | Автор: Zhenis Matkarimov
Просмотров: 2888 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/4 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ