Ата-анаға сый көрсету имандылықтың белгісі.
Ата-ананың қадірін білмеген, халықтың қадірін білмес. (Ғ. Мұстафин) Алдымен имандылық деген сөзге тоқталып өтейік. Араб тілінде - الإيمان - «әл-Иман» деген сөз «сенім», «наным» деген мағынаны білдіреді. Шарғи мағынасы иман келтіру, илану, Аллаһтың жалғыз екендігіне, Оның пайғамбарларына, түсірілген кітап-тарына т.б ақиқатқа шынайы сену болып табылады. Аллаһқа және Оның Пайғам-барларына иман келтіру дегеніміз Құран аяттары мен Аллаһ Елшісінің сөздеріне бой ұсыну деген сөз. Сонда айтылған әмірлер мен тыйымдарды шүбәсіз орындау имандылық-тың белгісі екендігін аңғартады. Иманмен адам Жаратушысын, не үшін жаратыл-ғандығын, жақсылық пен жамандықты ажырата біледі. Ал, жақсы мен жаманды ажырата білген адам кімге болса да қиянат жасамасы анық. Сондықтан халқымыз тәрбиелі, инабатты да ибалы, жақсы адамдарды иманды екен деседі. Аллаһ Елшісі бір хадисінде:
لا يؤمن أحدكم حتى يحب لأخيه ما يحب لنفسه «Сендердің ешқайсыларың өздеріңе қалағандарыңды басқа бауырларыңа қаламай-ынша имандарың толық болмайды» - деген. Демек, иманды болу өзін жамандықтан тыйып, жақсы амалдар істеу ғана емес бәлкім басқа бауырларыңды да жақсылыққа үндеп, өзіңе қалаған Жұмақ жолында бірге жүруіңді қалау болып табылады. Ал, аят-хадистерде жақсылық істеуге бұйырылған әке-шешеміз ше? Бұлар жаныңдағы бауырлардан да орны ерекше, олай болатын болса өзімізге қалаған жақсылықтарды сол құрмет иелеріне арнайық. Ата-анамызға сый көрсетіп, Аллаһ әмірлерін орындауларына көмектесіп иманы толық Аллаһтың құлдары қатарынан табылайық. Құран Кәрімде Аллаһ Тағала: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме, (кейіс білдірме) сондай ақ, ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле» - деген. Осы аятқа да амал етіп, иман келтірген түрде ата-анамызға кейіс білдірмей, керісінше сый көрсетіп жатсақ имандылық әдептерінің бірін жүзеге асырған болар едік. Себебі имансыздықтың өзі қоғамға да, қоршаған ортаға да тигізер әсері зор. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Ақырзаман жайлы айтылған хадистерін қарар болсақ, қашан имандылық жоғалып, жаманшы-лықтар саны артқан сәтте Ақырзаманның таяп қалғанын білдіреді делінген. Әбу Һурайрадан (р.а) риуаят етілген бір хадисте, Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Қашан иман жоғалатын болса, Қиямет сағатының соғуын күте бер» деген. Иман - ризығымыз, Ақыреттегі жемісіміз. Иман арқылы Аллаһты танып, мейіріміне бөленеміз. Иманымыз толық болмайды екен – онда Жұмаққа бағыт алуымыз оңайға соқпасы анық. Ата-анаңның қызметінде болып разылығын алып, оларға сый көрсетуді өзімізге берілген даналық қасиет деп білуіміз керек. Расында қазіргі таңда ондай даналықты көпшілігіміз жоғалтып алғанбыз. Абай атамыз «Атымды адам қойған соң, қайтіп мен надан болайын» - деген емес пе еді. Адамдық қасиетімізді надандықпен ауысты-рып алмай, шариғат үкімдеріне даналықпен қарайық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Даналық – мүміннен адасып қалған нәрсе, оны қайсыбір жолмен тауып алса, сол даналыққа өзі лайық болады» - деген. Орыс жазушысы Лев Толстой «Қарт пен немере» атты керемет даналық мысал келтірген болатын. Бірде бір кісінің қарт әкесі, жұбайы мен баласы болады. Қарт кісі кәріліктен қолдары дірілдеп алдына қойылған табақшадағы тамағын төгіп алып, ыдысты байқаусызда сындырып алады. Оған ашулы көзбен қараған келіні келесіде қартты бөлек отырғыздырды. Ал баласы сынбас үшін тамақты ағаш тостаққа салып апарып береді. Оны көрген қарттың немересі бір ағаш тауып әкеп жона бастайды. Әкесі таңырқап: Балам, сен не істеп отырсың? - деп сұрағанда, баласы: «Әке! Ертең сіз қартайғанда тамақ салуға сынбайтын ыдыс жасап отырмын» - деп жауап қатады. Оны естігенде бұл сөз әке жүрегіне қатты тиіп, абдырап қалады. Артынан өзінің қарт әкесіне жасаған зұлымдығын дереу түсініп, қайтадан өздерімен бірге ас құйып, бір дастарханда отыратын болады. Қазақта «Әкесін сыйла-мағанды баласы сыйламайды» деген осындайдан шықса керек. Өзімізді әке-шешеміздің қызметінде болуға борышты қылып, тіпті дүниеден өткен болса да артынан дұғалар жасап, Аллаһтан бізді кішкентайымыздан тәрбиелегендей, оларды Жұмақпен сүйіншілеп, күнәларын кешіре гөр деп тілек білдіріп, «Алты аға бірігіп - әке болмас, Жеті жеңге бірігіп – ана болмас» - деген даналық сөзді қашанда көкейде сақтауымыз керек. Олардың мейіріміндей мейірімді, қамқор жанды өз туысыңнан да табу екіталай. Жоғарыдағы мақал соны меңзеп тұрса керек. Ендеше осынау мейір-махаббатымызды ата-анамызға арнап, олардың қызметінде жүруіміз нағыз имандылықтың белгісі. Бұл иманды жүрек-тен жоғалтып алу - өмірдегі ең маңызды нәрсені жоғалтқанмен тең. Себебі барлық жақсылық, мейірімділік, сый-құрмет, Аллаһ-қа деген шынайы сүйіспеншілік міне, осы иманмен бастау алады. 1971 жылы Мұхтар Мағауин құрастырған XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының шығармалар жина-ғында Шал ақын Құлекеұлының осы имандылық жайында айтқан мынадай керемет шумақтарын кезіктірдім:
Иман мен нәпсі
Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі бөрі, Бөріге қой алдырмас ердің ері. Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса, Жоламас ешбір пәле, шайтан-пері.
Арам болса қашады су кісіден, Естімеген сөз шығар сұм кісіден. Кітап – Құран айтқаны рас болса, Ұжмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден.
Жарлығы екі болмас хақ Құдайым, Жанында серігі жоқ дақ Құдайым. Жанымды алсаң, Құдая, иманмен ал, Шайтанның қазасынан қақ, Құдайым.- деген өлең жолдарын естігенде Құдай жолын терең ұғынған кісі болғанын аңғарамыз. Иманды кісі ата-анасын құрмет ететіні ақиқат. Шал ақынның имандылық жайында сөз қозғауы оның имандылықты халыққа өлең-шумақтарымен насихат еткенін байқадық. Сол насихаттарының бірінде ата-ананы құрметтеу жайлы ғибратты мына шумақта былай дейді:
Мекке менен Мәдина жолдың ұшы, Алыс сапар дейді ғой барған кісі. Ата менен анаңды құрметтесең, Мекке болып табылар үйдің іші. Расында Аллаһ сауапты істің барлығын оңай жолмен өз қасымызда беріп қойған. Құран-хадисте соны баяндап өткен. Тек ой жүгіртіп амал етсек бақытқа кенелеріміз сөзсіз. Шал ақынның айтқанындай сауапты үйде отырып ата-анамызды құрмет қылып, алып жатсақ, Аллаһ Тағаланың разылығына кенелеріміз сөзсіз. Бірде Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) сахабаларымен жорыққа аттануға дай-ындалып жатқанда, Аллаһ ризалығы үшін мен де жихадқа шығамын деп бір сахаба анасының разылығынсыз Пайғамбары-мыздан (с.ғ.с) рұқсат сұрап келеді. Сонда әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с) расында соғысқа жихадқа шыққаннан көрі анаңның разылы-ғын алған дұрысырақ деп, анаңды қалай ренжітіп кеткен болсаң солай қуандыр деп оны анасының қасында қалдырады. Сондай-ақ, өз анасына қызмет етіп Аллаһтың үлкен сыйына ие болған Баязит Бистамидің мына хикаясын айта кеткен жөн болар. Баязиттің балалық шағы болатын, бір күні анасы қатты науқастанып, қызуы көтеріліп: "Балам су әкеліп берші" деген еді. Су алатын жер сондай қашықта болғанына қарамастан, Баязит жүгіріп кетті. Түн мезгілі еді қайтып келсе анасы ұйықтап кеткен екен. Баязиттің басына ой келді: "Егер анам тұрып, мен оған су бере алмай ол кісі жан тапсырса, мен балалық міндетімді өтей алмай қаламын» деген. Кішкене қыш құмыраны алақанына қойып, алақанын тізесінің үстіне сүйеп, отыра берді. Түннің үштен бір бөлігі еді анасы ұйқысынан оянып кетсе, баласы әлі құмыраны ұстап отырғанын көріп: Иә, балам көп отырып қалдың ау - деп құмыраны тартқанда, құмыра баланың алақанын қарып кеткен екен, бір қабат алақанының терісі сыпырылып, қан судай шапшыды. Дәп осы кезде барлық істен толығымен хабардар Аллаһ Тағала, періштелерге: «Әй, періштелер анасына бұндай ізет керсеткен балаға мен қайтіп әулиелік дәреже бермеймін, яғни дос тұтпаймын, шын мәнінде ол Маған құрмет көрсеткенмен тең». - деді. Бүкіл Ислам әлеміне ең кішкентай Баязит Бистамидің Аллаһтың досы дәрежесіне жеткендігі туралы хабар жайылып кетті. Міне ғажап, ата-анаға сый көрсетудің өзі имандылық. Ал, имандылық Аллаһ Тағаланың разылығына кенелтеді.
"Ата-ана қадірі" кітабынан үзінді Жеңіс Әбибуллаұлы
|