Бейсенбі, 28.11.2024, 10.52.26
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 1
Конактар: 1
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Уагыз - насихаттар

Шын сұлулық құпиясымен бағалы емес пе?

Жалтыратып омырауың, саныңды,
Жарнамалап жүруші едің тәніңді.
Шыққыр көзім көрді одан да сұмдықты,
Ашып кепсің енді кіндік, қарныңды.
Бойжеткенде болғаның ба шерменде,
О, жаратқан, парасат бер пендеңе.
Төмен қарап, көзіммен жер шұқыдым,
Сайтан сынды сықпытыңды көргенде.
Қазір сенің бой түзеген гүл шағың,
Ерте өшірме гүл шағыңның нұр шамын.
Саған ертең "ана" атын әперер
Емес пе осы алтын-ана құрсағың.
Періште екен деме адамны бәрін де,
Жылтырға әуес бала түгіл, кәрі де.
Көлденең жұрт сәніңе емес, қарағым,
Көз сүзеді ашық-шашық тәніңе.
Нақыл сөз бар "Қақпақ кетсе қазаннан,
Ұят кетер, иттен де" дос санаған.
Көзін сүзіп індігіңе қараған,
Адал ниетті деп ойлама барлық адам.
Көре-көре тәніңе көз үйренер,
Үйренер де бір кү жеріп жиренер.
Көзі барлар саған мүлдем жламас,
Көзі жоқ бір пақыр мүмкін, үйленер...
Жүгінші бір алдында ұят, арыңның,
Кімге керек сенің ашық қарының.
Көрем десе көруге оны хақы бар,
Құдай қосар тек болашақ жарыңның.
Нарқы арзан жылтырақ тез оңады,
Шын сұлулық құпиясымен бағалы.
Шалшы суды итте, құста жалайды,
Тұнық су тек шыңрауда болады.
Солады тез ерте ашылған гүл неге?
Ашық жерді тез басады кір неге? 
Шын арулар тәнін көзден жасырып,
Көрсетпеген, сүйдірмеген күнге де...
Демймін мен: "Сені жолға саламын",
Мәнін ұғын сөзімнің тек, қарағым. 
Қазақ қызы тәнін жұрттан жасырып,
Ашып жүрген нұр жүзін, ай қабағын.

Байділдә Айдарбеков

Категория: Уагыз - насихаттар | Добавил: akikat (23.05.2009)
Просмотров: 1455 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 1
1 Индира  
0
оте тамаша жазылган, бырак кейбир создерин акындардын созинен алган екенсиз,

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ