Жексенбі, 01.12.2024, 01.15.24
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 2
Конактар: 2
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Уагыз - насихаттар

100 - теңге

+
+
+
          Осы біз мешітте 100 теңге қалдырғанымызда оны әжептеуір пұл санаймыз да, ал базарлатып ақша қарыштағанда 100 теңгені тиын құрлы көрмейтініміз таңсық дүние. Бір сағат бойында сәждеге бас ұра отырып, Аллаһ ризалығы үшін оқылған намаз ұзақ та, ал теледидар не компьютер алдында өткізілген бір сағат сынаптай сырғып өте шығатыны да таңсық-ау осы… Дұға бағыштай отырып шашыраған ойымызды жинай алмай әлек боламыз да, дос-жаранмен әңгіме үстінде ойымыз жып-жинақы, еркін көсіле кететініміз де бір түрлі қызық. Футбол матчына қосымша уақыт берілгенін естігенде төбеміз көкке жетіп, имамның құтпасы әдеттегіден ұзағыраққа созылса іштей наразы боп күбірлей кететінімізді де таңсық демей көріңізші?! Құранның бір бөлімін оқуға өзімізді итермелей алмаймыз да, хош көрген романның жүздеген беттерін бір деммен оқуға ынты-шынтымызбен беріле кететініміз ше? Концерт залдарында алғашқы қатарлардан орын алуға тырмысып, мешітте соңғы қатарға ыңғайласатынымыз неден екен, ә? Құранның бір аятын жаттай алмай жатып, өсек-аяңға келгенде оны айтқан замат есте сақтап, өзгенің құлағына құя кетуіміз ше, оны таңсық демейік пе? Қазитте жазылған әр неге оңайшылықпен илана кетеміз де, ал Құранда айтылғанға кәміл сенуге ішкі нәпсіміз неден жібермейді ендеше? Қайсыбіріміз болмасын жәннатқа баруды қаласақ та, оған жету жолында амал мен қам-қарекеттен жұрдай болуымыз да қисынсыздықтың мысалы емес пе? … Біз осы керек кезде айыптаушы, керек кезде ақталушымыз да: басқаның сыны мен міні, күнәсі мен кінәсі талқыға түссе айыптаушымыз да, өз кінаратымыз сөз болса ақтала жөнелеміз. Осының бәрін оқи отырып, бұны өзімізден өзгеге өзекті екен деп түйсінеміз де, ал өзімізге қатыссыз деп байлам жасауға асығамыз. Таңсық дегіңіз келмей ме?
 www.nurgisa.kz - сайтынан алынды.


Категория: Уагыз - насихаттар | Добавил: akikat (18.06.2009)
Просмотров: 1573 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 1
1 Jasulan Saimbetov  
0
оте жаксы создер.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ