Жексенбі, 01.12.2024, 01.14.14
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 1
Конактар: 1
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Уагыз - насихаттар

Ең кішкентай дағуатшы

+
+
+
       
        Бұл оқиғаны маған шейх Жалил Садиқ айтып берген еді. Ол бір күні менен «Дүниедегі ең кішкентай дағуатшыны білесің бе?» - деп сұрап қалды. Мен: «Иә, ол Мариямның ұлы Иса (ғ.с)» - деп жауап бердім. Шейх: «Жоқ, мен қазіргі кездегі замандастарымыздан айтып тұрмын?» деп сұрады. Мен ғажаптанып, қызыға: - «Кім екен ол?» - деп сұрадым. Шейх: «Олай болса құлақ сал», деді де Хикаяны бастады. 
«Менің бір туысым бар. Аллаһ дүние есіктерін оған кең ашып қойған. Мал-мүліктері ағып-тасып жатыр. Адамдар арасында байлығына байланысты өте абырой мен атаққа ие болған. Барлық нәрседе сәттілікке кенеліп, бірақ Аллаһ Тағалаға байланысты істерде бейқамдық етті... Ол туралы еш ойламайтын. Тіпті намаздың не екенін білмейтін. Денсаулығы мықты және мол ризық иесі болуына қарамастан, мешіт есігін ашу ойына да кіріп-шықпаған... Оның үстіне, Аллаһ Тағала оған сүйкімді қып кішкентай бала нәсіп еткен. Бала енді ғана алты жасқа толып-толмаған, әлі мектепке де бармаған. Бірақ сол жаста-ақ Аллаһ Тағала оны басқа балдардан ерекше етіп, өте ақылды, парасатты, ұялу әдебін беріп қойған. Бір күні әкесінің алдына кіріп келді. Әкесінің қолында теледидардың басқышы, мына каналдан ана каналға ауыстырып отырған еді. Теледидар алдында көп отырғаннан көздері талып, шаршаған, ойы да тозып, ештеңемен жұмысы жоқ... Кіріп келгенде баланың жүзі суланған, шаштарынан су тамшылап тұрды. Келді де, әкесінің алдына тоқтап, оған үлкен адамша көз тоқтатып қарады. Оның көздерінен, әкесіне деген реніш көрініп тұрды! Әкесі оған қарап әзілдегендей болып «Е-е-е, сәлем бердік! Жол болсын, қайда жол тарттың?» деп сұрады. Сонда бала өзінің балалық сақаулау тілімен: «Мен намаз оқығалы мешітке баламын, мен сізге ұқсаған яһуди емеспін, сіз ше әкешім, яһудисіз, намазды дұлыс санамайсыз» - деді. Әкесінен суық тер шығып кетті...
Б-б-балам, бұл не дегенің?! – деді, есінен тана жаздаған әкесі. 
- Иә, дұлыс қой, не – деді де бұрылып шығып кетті...
Әкесі аңырайып сол хәлінде біраз тұрып қалды. Кішкене ғана балапаны баласының жүрегіне салып кеткен иманды соққысының әсерінен есін әлі де жия алар емес. Ақыры орнынан тұрып үйдің ішін әрлі-бері кезе бастады. Сосын ұлының қайтыс келуін сабырсыздана күте бастады... 
Есік жәй ашылды да, бала кіріп келді.
- Неге кештетіп жүрсің...?!
- Айттым-ғой, әке, адамдалмен намаз оқуға баламын деп... 
Бір кездескенімде баланың әкесі былай деп ант беріп айтқаны бар: «Аллаһ осы баланы қай жағынан болсын бір қорғап-қуаттап тұрады». Өте қатты және жәһілдеу болуына қарамастан әкесі, оған қатты сөз айтып, жаман қарым-қатынас жасауға немесе қол көтеруге, ұрып-соғуға да бара алмайтын.
Әкесі дәудіреп жүргенде және бір оқиға болды. Бір күні көшеге ойнауға шығып кеткен бала үйге кеш келді. Уайымдап отырған әкесінің қайғысы қоза бастады. Енді көшеге іздеуге шыққалы тұрғанда, есік шиқылдап ашылды... Және...
- Қайда жүрсің? Сені іздеп барлық жерді қарап шықтық... Іздемеген үйіміз жоқ... Сіз – құрметті мырзаны табу үшін енді милицияға беру қалған еді!
- Әке... әке... сіз бәрібір түсінбейсіз. Сіз қандай адамсыз? Сіз намазды жақсы көрмейсіз. Мен кешігіп келгенім жоқ. Ойнадым. Кейін шам намазын оқыдық. Сосын көршіміз Абдулазиз ағамен біраз сөйлесіп қалдық. Сосын тура үйге келдім. Кешіккенім жоқ, әке.
 Әкесі былай деді: «Сол кезде, өзімді ұстай алмай қалдым, көз жасым бетімді қуалап, иегімне ағып жатты... Қашанға шейін созылмақ мұндай надандық??! Қашанға шейін мұндай тап-таза, саф насихаттар жүрегіме жетіп жатса да, бұл жүрісімде күнәлар жалғаса бермек??! Аллаһ Тағала балапан тілінде айтып тұр емес пе, хақ нәрсені?!»
Шейх сөзін жалғастырды: «Уаллаһи (Аллаһтың атымен ант етейін), мұны ешкім осы уақытқа дейін әсер еткізе алмаған еді. Бұл баланың анасы салихалы ана еді, күйеуінің имандылыққа келуін қатты қалап қанша үгіттесе де, бұл тырысуларының барлығы бос кеткен еді. Бірақ, Аллаһ Тағала бір істі қаласа, міндетті түрде ол іс амалға асады!... 
Әкесі сөзін жалғастырды: «Ұзақ ойларға кетіп, ойланып қалдым. Жүрегіме Аллаһтан қорқу сезім және Өзіне деген махаббат түскен еді... Менде бұын мұндай сезімдер болмаған-тын!... Ұзақ уақыт үнсіз отырып, ойланып қалдым. Бір кезде сырттан түсініксіз дауыс естілді. Ол дауыс соңғы рет қашан барғанымды есіме түсіре алмай жатқан жанымыздағы мешіттен құптанға шақырылып жатқан азанның дауысы екен. Маған қарап тұрған балам: «Әке жүліңіз Аллаһтың жолына, мешітке білге баламыз» - деп жатқандай еді. Секіріп тұрдым да, тез барып дәрет алып, жүрегімнің түбінен көз жасым бұрқырап шығып жатса да баламды көтеріп алып мешітке қарай тарттым.
 Мешітке жеткенде баламды қолымнан түсіргенімде, ол қатты қуанғанынан өте бақытты сезіммен ұшып жүргендей ішке қарай жүгірді. Алдынан шыққан намазханға: «Бұл менің әкем! Ахмад аға, қалаңызшы, бұл менің әкем болады!... Фатхуллаһ аға, мынау менің әкем... Әкем... Әкем... Әкешім...! деп қуанышында шек жоқ болды». 
 Балапан жас баласының намазхан достары әкесіне намаздың пайдасымен жақсылықтарын айтып, көп жылдардан бері енді қайта мешітке келген аяқтарына гүл бітсін деп құттықтап жатты.  
 Шейх былай деді: «Уаллаһи, бір уақыттары тәкаппарлығы мен сараңдығы салдарынан жүзін қара басқан кісіден, жүзінен нұр жауып тұрған, ашық мінезді адамға айналған сол кісіні көрдім... Жүзі әдемі болып кетіпті. Онымен сөйлескенімізде әр жұмада анасынан таза көйлектерін дайындап қоюын өтініп, жұмаға ғұсыл құйынып, тап-таза мешітке қарай бет алатын баласы жайында айтып беретін еді» - деп сөздерін жалғастырып шейх тағы былай деді: «Баланы да көрдім. Көшеде балалармен жүгіріп, терлеп-тепшіп ойнап жүретін. Өзімше ойланып қалдым: «Біз үлкендер, жасымыз да, ақылымыз да жетіп дағуатымыздан ештеңе шықпап еді, баланың насихатының әсерлі болып, бізден көрі сәттілікке қарашы?!...»
 Құрметті бауырлар, ойланып көрейік, бұл оқиға біздерге де ашық ақиқатты айтып тұрған жоқ па екен? Аллаһ Тағала бір істі қаласа, оның амалға асу себептерін міндетті түрде пайда қылады. Аллаһ Өзіне деген ғибадатында үлкейткен және Өз қамқорында сақтаған балақай қандай ғажап бала, солай емес пе?! Кісіні ойландырмай қоймайтын оқиға. Сан мыңдаған әкелер ұлдары келіп мешітке жетектеп апаратынын күтуде ме сонда?!
Аударған: Жеңіс Әбибуллаұлы
Категория: Уагыз - насихаттар | Добавил: akikat (24.06.2009)
Просмотров: 1821 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 5.0/7 |
Всего комментариев: 3
3 Фариза  
0
Аллахқа мадақ!

2 Anuarova Moldir  
0
Assalamu aleikum ua rahmatullahi ua barakatuh! Osyndai makalany audarganynyzga Alla razy bolsyn!!!!!

1 Бакытжан  
0
Алхамдулилла
Аллах баримизди тура жолда болушылардан кылсын
Аумыи

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ