Оның сөздері өте әсерлі әрі сөйлеген сөздері үлкен кісілерше әңгімелесіп және үлкендер сияқты ойланатыны қатты таң қалдырды. IslamWay.com – сайтындағы бұл сұхбаттан алар әсеріміз ерекше болмақ. Ендеше IslamWay.com – сайт қызметкерлерінің сұрағымен басталық:
IslamWay.com: Құрметті қарындасым, Ассаләму алайкум уа рахматуллаһ! Әуелі асыл дініміз Исламды қабыл қылғаныңыз құтты болсын. Сара: Уа алайкум ассалам, рахмет. IslamWay.com: Өзің жайлы қысқаша айтып өтсең... Сара: Есімім Сара. Мен 14 жастамын. АҚШ-та тұрамын және сонда мектепе оқыймын. IslamWay.com: Қош келдің Сара қарындасым. Осындай жаста бола тұра ақиқатты іздегеніңе қатты таңырқаным тұрғаныма көз жеткізгім келеді. Бірінші рет Ислам жайлы қашан естігеніңді айта аласың ба? Сара: Әрине, шамалап айтқанда Ислам жайлы 3 жыл бұрын естігенмін. Мен құдай мен дінге, әсіресе басқалардың неге сиынатындарына қызығушылық білдіретінмін. Сондықтан түрлі кітаптарды оқып жүріп Исламмен де таныстым. Оның жанжақты екендігіне қайран қалдым. IslamWay.com: 11 жаста бола тұрып діндер жайлы оқу табиғи көрініс емес, яғни ол жаста ешкім діндер жайлы қызығып оқи бермейді. Сонда сенің жаныңдағы басқа балалардан қайндай айырмашылығың бар еді? Сара: Иә, расында 11 жаста діндер жайлы оқу табиғи болмыс емес шығар, көп достарым дінге қызығушылық танытатынымды түсіне бермейтін еді. Бірақ отбасымыз Християн болып, сол дінге сай тәрбие алған едім. Сондықтан болар дінді тереңірек үйреніп, өзім үшін ақиқатты тану мен үшін табиғи еді. IslamWay.com: Сол кездері сен Құран Кірімді оқыған ба едің? Сара: Жоқ, ол кезде оқымаған болатынмын. IslamWay.com: Кейбіреулер «Мұсылмандар зұлымдықтың астында, оларға батыс әйелдеріне ұқсатып еркіндік беру керек» - деген сөздерді естіп жүрміз, бұл мәселеде сенің өз пікірің қалай? Сара: Қазір адамдардың мұсылмандарды зұлымдық яғни қиыншылық көруде дегендерін естісеп қатты ренжіп қаламын. Керісінше біз ең еркін әйелдерміз деп ойлаймын. Аллаһтың бұйрықтарына бойұсыну ең жоғары еркіндікке жету деп білемін. IslamWay.com: Демек, хиджап киесің ғой, солай ма? Сара: Жоқ, хиджапты қатты кигім келеді. Бірақ Отбасым Исламды қабыл қылдағанымды білмейді. Оларға айтқаннан кейін міндетті түрде киемін. IslamWay.com: Оларға Исламды қабылдағаныңды айтқан кезде көп міселелер туындайды деп ойлайсың ба? Сара: Анық бір деңе деуге қиналамын. Оларға айтуға қорқынышым жибермей тұр. IslamWay.com: Түсінікті. Аллаһтан бұл істе күш және сабыр беруін тіле. Осы Интернет арқылы сөйлесіп жатқанымызды оқыған адам сенің бұл ісіңнің жеңіл болуын тілеп дұға жасап жатқан болса керек. IslamWay.com: Мұсылмандардың қай ісі саған көбірек ұнады? Сара: Маған мұсылмандардың өздерін Исламға көп бағыштайтындықтары ұнады. Аллаһ өзінің пенделеріне ғажайып істермен адемілікті берген. Біреулерге Аллаһқа бойұсынып құлшылық ету ерсі көрінуі мүмкін. Бірақ мұсылмандарға жәрдем беру үшін оларға керемет күш беріп қойған. Мен кездестірген мұсылмандардан маған қатты ұнағаны олардың бауырмашылығымен шынайы достастығы. IslamWay.com: Осы күндері Мұсылмандардың Исламға амал қылмайды деген сөздеріді естиміз. Сен бұл жайында не айтар ең? Бұл Исламның кең тарқалмауына себеп бола алады ма? Сондай-ақ, амал етпейтін мұсылмандарға не айтар едің? Сара: Бірінші сұрақ бойынша: Мұсылмандардың Исламға амал қылмайды деген дұрыс еместігіне сенімдімін. Исламға амал қылмай тұрып нағыз мұсылман болу мүмкін емес деп ойлаймын. Ислам тек дін емес, бәлкім өмірдің нәрі. Бұл Исламның маған ұнайтын жихадтарының бірі. Екінші сұрағыңыз бойынша: Ислам дүниеде ең тез таралып жатқан діндердің бірі. Менің ойымша адамдар ақиқатты Исламнан табады. Олар Исламды қабылдап, Аллаһ әміріне мойынсынса көптеген жақсылыққа жетісіп, керемет ждүниеге бөленер еді. Бұны басқаларда көреді, және осы іс адамдарды Исламға жетелейді. Үшінші сұрақ бойынша: Аллаһқа Иман келтіріңдер, Аллаһ жолында қызмет ет, бұл сіздің Исламға амал қылуыңызға керек болған керемет істерден және тыныштық пен қуаныш силайды дегім келеді ИншаАллаһ. IslamWay.com: Бұдан былай қандай ойларың бар? Сара: Қашанда бір нәрсені армандайтынмын: Дүниеде басшы болып барлық адамдар арасына тыныштық пен бір-бірлеріне деген жақсы көз-қарас орнатқым келетін. IslamWay.com: Араб тілін үйренгің келетін ойларың бар ма? Иә, мен өзім тілдері үйренгенді қатты жақсы көремін. Ата-анамда менің араб тілін үйренуімді ұнатады. Осы күзде Араб тілін үйренуге курстарға баруды бастаймын. Атам араб тілінен хабары бар, ол арабтармен жұмыс істескен. IslamWay.com: Түсінікті, атаңыз дәлірек қайсы мемлекетте жұмыс істеген. Сара: Суданда. IslamWay.com: Исламды қалай қабыл қылғаныңды бізге айтып бере аласың ба? Сара: Жоғарыда айтып өткенімдей, Ислам жайында 3 жыл бұрын қызығып танысып жүрген едім. Менің Ислам жайлы оқып жатқанымды көрген ата-анам қайтарған еді. Сосын өткен күзде басқа мектепке өттім. Ол жерде өте көп мұсылмандар оқитын еді. Сол мектепке барысыммен Ислам жайлы оқығандарымды есіме алаып, мұсылмандардың жүріс-тұрсытарын қызығып байқап жүрдім. Ата-анам мұсылмандарды жеркенішті, тәрбиесіз, қолдарынан ештеңе келмейді деп тәрбиелеген-тін. Сондықтан мен оларды сондай деп ойлайтынмын. Бірақ қателескен екенмін – бірінші достасқан оқушыларым мұсылмандар еді! Олар жақсы, бауырмашыл нағыз досқа лайықтылар еді. Олар өздерінің Құдайлары жайында айтатын еді. Олардың Исламды қатты ұнататынын көріп таңырқайтынмын. Менің оларға деген құрметім және сенімдеріне деген қызығушылығым тез артты. Бір досым олардан Ислам жайлы сұраған еді, нәтижесінде бірнеше сағат Аллаһ, Ислам және күнделікті өміріміз туралы сөйлескен едік. Мен бұлардың барлығы қаншалықты жанжақты екендігін жіне олардық қаншалықты қуанышты екенін көріп таңқалған едім. Сосын Құран оқуды бастадым, Интернеттен көбірек мағлұматтар алдым сөйтіп біраз уакыттан кейін калима шаһаданы айтып Исламға кірдім. Қазір өмрім сондай керемет қуанышқа бөленіп жүргенімді айтып жеткізе алмаймын. ИншаАллаһ ата-анам мұны түсіне алады деп ойлаймын. IslamWay.com: ИншаАллаһ, ИншаАллаһ, Аллаһ бізге берген уақыты үшін жақсылықпен сүйіншілесін және сені өзінің жолында бекем етсін. Амин. Ассаламу алайкум. Сара: Уа алайкум ассалам. Рахмет сізге.
Аударған: Жеңіс Әбибуллаұлы Мақаланың интернеттегі сілтемесі: http://english.islamway.com/bindex.php?section=article&id=84
|