Жексенбі, 01.12.2024, 01.23.15
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 4
Конактар: 4
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Уагыз - насихаттар

Миғраж түні




       Ендеше бұл жайлы сахих хадистен біліп алайық.
     Анас ибн Мәлик (р.а) риуаятынан Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) Миғраж түнін төмендегінше баян етеді: «Жәбрәйіл (ғ.с) Маған есектен үлкен аттан кішілеу бір жануарды алып келді. Оған мініп Ақса мешітіне бардым. Кейін ол жерде екі ракағат намаз оқып шықтым. Жәбрәйіл сол кез маған екі кесе алып келді, біреуінде ішімдік, екіншісіне сүт құйылған болатын. Мен сүтті алып іштім. Сонда Жәбрәйіл маған: «Сен жақсы нәрсені таңдадың»,- деді. Осыдан кейін көкке көтерілдік. Жәбрәйіл көктің есігі ашылуын бұйырды. Оған: «Сен кімсің?»- деген сұрақ қойылды. Ол: «Мен Жәбрәйілмін»,- дегенде. «Сенің жаныңда кім бар?» - деді. Жәбрәйіл: «Мұхаммед (с.ғ.с) бар»,- деді. Әлгі дауыс: «Оған Пайғамбарлық жетті ме?»- деді. Жәбрәйіл: «Иә, жетті»,- деп жауап берді. Осыдан соң көктің есігі ашылды. Мен ол жерде атамыз Адамды (ғ.с) көрдім. Ол мені көріп, көп жақсылықтар тіледі. Осыдан соң екінші көкке көтерілдік, бұл жерде де алдынғы сұрақ-жауаптар болды, кейін көк есігі ашылып біз онда кірдік. Ол жерде Яхия мен Исаны (ғ.с) көрдім, олар да мені көріп көп жақсылықтар тіледі. Кейін үшінші көкке шықтық, онда сұлулықтың жартысы берілген Юсуфті (ғ.с) көрдім. Ол да мені көріп жақсылықтар тіледі. Мұнан соң төртінші көкте Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Мәриям» сүресінің 57 аятында: «Оны жоғары орынға көтердік.»- деп мақтаған Идристі көрдік. Бесінші көкте Һарунды көрдік, алтыншы көкте Мұсамен кездестік. Олар да Маған көптеген жақсы нәрселерді тіледі. Жетінші көкте Байтулмағмұрге арқа сүйеп отырған Ибраһимді көрдік. Байтулмағмұрге әр күні жетпіс мың періште зиярат етуге кіреді, бір рет кіріп шаққан періште екінші рет кіре алмайды. Кейін Сидратул-мунтаһа ағашын көруге бардық. Оның жапырақтары пілдің құлағындай, жемістері асқабақтай. Аллаһтың қалауымен бұл ағаш әр-түрлі реңге ауысып тұрады. Мұны сипаттап беруге адам баласы әлсіздік етеді. Аллаһ Тағала сонда кейбір істер жайлы хабар беріп, ол түні маған және үмметіме елу уақыт намаз оқуды бұйырды. Мен одан қайтып Мұсаның алдынан өтіп жатқанымда, ол: «Аллаһ Тағала үмметіңе не нәрсені бұйырды?»- деп сұрады. Мен: «Елу ракағат намаз оқуды бұйырды»,- деп жауап бердім. Сонда Мұса: «Аллаһқа дұға етіп ғибадатты азайтуын сұрағын, ол үмметіңе ауыр келеді. Өйткені, мен Сенен бұрын Бани Исрайлді сынап көргенмін»,-деді. Мен Раббыма жалбарынып: «Уа, Раббым, үмметіме жеңілдік бер»,- деп сұрадым. Осыдан соң Аллаһ Тағала оны азайтып бес уақыт намазға түсірді. Кейін: «Уа, Мұхаммед, бір күнде үмметіңе бес уақыт намазды бұйырдым. Әрбір намазға он уақыт намаздың сауабын жазамын, осылайша бес уақытқа елу уақыт намаздың сауабын беремін. Кімде-кім бір ізгі іс жайлы ойлап оны орындай алмаса, бір сауап жазылады. Егер орындаса он сауап беріледі. Кімде-кім бір жаман іс жайлы ойлап оны орындамаса, жамандық жазылмайды. Егер орындаса бір күнә жазылады»,-деді. Осыдан соң Мұсаға мұны айтқанымда, ол: «Аллаһтан тағы азайтуын тіле»,-деді. Сонда мен: «Аллаһтан қайта- қайта тілей беруден ұяламын»,- дедім»,-деді. 
Осылайша Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) Меккеге қайтты. Ерте таңда болған уақиғаларды айтып берді. Мұны есіткен Әбу Жәһіл: «Уа, Кағб пен Луәй жамағат, мұнда келіңдер»,-деді. Адамдар ағылып келе бастады, Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) болған жәйтті адамдарға айтып берді. Сонда кәпірлер Аллаһ Елшісінің сөзіне сенбей: «Бұл өтірікшінің өтірікшілігі енді анықталды»,-деді. Тіпті айлап жүретін әл-Ақса мешітіне бір түннің ішінде қалай барып келмек деп күле бастады. Мұны есіткен иманы әлсіз жандар діннен шығып кетті. Мүшріктер: «Мұндай сөзден соң қалайша оған сенейік»,-деп мазақ ете бастады. Бұл сөзді кәпірлер Әбу Бәкрге (р.а) барып айтқанында, ол: «Егер ол сөзді Мұхаммед (с.ғ.с) айтып жатқан болса онда рас айтты»,-деген екен. Осы кезден бастап Әбу Бәкр (р.а) Сыддиқ, яғни, растаушы деген атпен аталып кеткен. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) Аллаһтың қалауымен тіпті әл-Ақса мешіті есіктерінің оюлары қандай екендігін айтып берген. Және қалай құрылғандығын және неше есігі бар екендігіне дейін айтып берген. Өйткені, мұнан бұрын ол кісі әл-Ақса мешітін мүлдем көрмеген болатын. Сонда мүшріктер: «Жарайды, бізге сол жаққа кеткен керуендеріміз жайлы айтып берші»,- дегенінде, Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) олардың қанша түйесі бар екендігін, адамдар қандай жағдайда екендігін және пәлені күні күн шыққанда қалаға кіріп келетіндігін, тіпті керуеннің алдында қандай түйе жүретіндігін айтып берді. Мүшріктер мұны білу мақсатында сол сәтті күтті, қараса Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) сипаттап бергеніндей түйе алдында келе жатты. Бірақ олар оған да иман келтірмей, керісінше күпірлікке кетіп, Аллаһ Елшісін (с.ғ.с) сиқыршы деп атай бастады.
       Міне, бұл адам баласын таң қалдыратын және иманына сынақ болатын өте бір үлкен оқиға. Бұл сондай ұлы бір күн, ол күні адам баласына жәннат кілті болған намаз оқу парыз етілді. Ендеше бауырлар, бұл күнді қадірлеп Аллаһтан өзімізге, ата-ана, туыс-бауырларымыз бен мұсылмандарға дұға жасайық. Аллаһ Тағала баршамыздың күнәмәзді кешірсін, әмин.

Дайындаған: Бауыржан Ахметов
 (Аллаһ рахмет етсін)
Категория: Уагыз - насихаттар | Добавил: akikat (20.07.2009)
Просмотров: 2013 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.9/12 |
Всего комментариев: 1
1 Гулжан  
0
Ғажап !! Алла Тағаланың кереметі шексіз!!! Алла Ұлық !!! Алла тағала әр адам баласына иман ұялатсын нұрын құйсын !!!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ