Негізінде адам баласы бір нарсені ойлаған уақытта әдетте осы дүниеде жүретін заңдарға және көрген нәрселеріне салыстыру арқыла ойлайды. Мысалы, Жәннатта бір ағаш бар делінсе, осы дүниеде көрген ағашымызға салыстыра отырып, осы дүниенің ағаштарының заңдарымен өмір сүретін бір ағашты көз алдымызға елестетеміз. Яғни жерде өсетін, тамыры, бұтағы жапырағы бар ағаш елестейді. Еш қашан тамыры көкке қарап, төңкеріліп тұрған ағашты пайымдамаймыз. Міне сондықтан Аллаһты кім жаратты деген уақытта да адамның қателескен жері – осы дүниеде жүріп жатқан кейбір заңдарға Ұлы Жаратушымыз Аллаһты да кіргізіп, оны сол заңдарға тәуелді жаратылғандарға салыстырып ойлауында. Біз бұл дүниеде тіршілік бетіне шығу үшін барлық нарсенің белгілі бір себепке мұқтаж екендігін көреміз. Барлығымыз туылғанбыз, бізді туғандарды да біреулер туған. Яғни барлық нарсенің бастауы бар. Міне дүниедегі осы туу, туылу, бар болу үшін белгілі бір себепке мұқтаждық заңдары жоқ кезде де бар еді. Тіпті Аллаһ Тағала осы аталмыш заңдарды өзі жаратты. Олай болса, Ұлы Жаратушының өзі жаратқан бұл заңдарға тәуелді болмасы анық. Сондықтан ықлас сүресінде «Ол еш нарсеге мұқтаж емес, тумады да туылмады» делінеді. Яғни, «Ей құлдарым туу, туылу, басқа бір себепке мұқтаж болу сендерге тін, мені ол заңдарға тәуелді етіп ойламаңдар» деп тұрғандай. Аллаһ тағаланың бар болуы - өзінен. Оны ешкім жаратпады. Аллаһ Тағала «Әзәли» яғни оның бастауы және соңы жоқ – Мәңгі.
Аллаһ жаратылмағандығы үшін Аллаһ. Мысалы: әскерлер бұйрықты қолбасшыдан алады. Ал қолбасшы бұйрықты патшадан алады делк. Ал ендеше «патша бұйрықты кімнен алады?» деп сауал қоя алмаймыз. Өйткені патшада бұйрықты біреуден алса ол патша бола алмайды. Тағы бір мысал, мешіттегі жамағаттың бәрі намазды бір имамға ұйиды. Ал сол имамда басқа бір адамға ұйыса, ол имам емес, жамағаттың өзі боп қалады. Сол сяқты Аллаһты да басқа бір Аллаһ жаратса, онда жаратылған бірінші Аллаһ, Аллаһ бола алмайды. Өйткені біз Аллаһ деп жаратылмаған, ешкімге мұқтаж емес, мәңгілік сяқты жаратылғандарда жоқ сипаттардың шыеайы иесіне ғана айтамыз.
Екіншіден, Аллаһты да басқа бір Аллаһ жаратты десек, сол жаратқан Аллаһты да басқа бір Аллаһ жаратуға тиіс. Оны да басқа бір Аллаһ... Міне осылайша алғашқы қойған сұрағымыз шынжырланған күйде шексіздікке дейін жауапсыз жалғаса береді. Қашан еш жаратылмаған, бастауы жоқ мәңгі бір Аллаһты қолдаймыз, сол уақытта жауабы табылмаған сұрағымызға нүкте қойылып, жан жүрегіміз жан табады.
Ноль санының оң жағына миллиондаған нольдерді қойсақ еш қандай мағына бермейді. Ал егер кезкелген бір санды қойсақ, нольдердің мағынасы болмақ. Дәл осы сияқты барлық жаратылысты, бастауы жоқ, мәңгі Аллаһқа тіреген кезде ғана шынжырдың өріміндей бір-біріне қосақталған сауалымыз баян табады.
Біз Аллаһ Тағаланы толық жете түсіне бермейміз. Салыстыру жолымен түсінуіміз үшін Оның мына дүниеде теңдесі әрі ұқсасы болуы ләзім. Ал оның Құранда айтылғандай еш теңдесі және ұқсасы жоқ. «Оның еш теңдесі жоқ» (Ықылас/4) «Оған еш нірсе ұқсамайды» (Шура/11) Сахаба Абу Бакр сыддық: «(Аллаһым!) Сені толық түсіне алмауды мойындауым, сені толық түсінуім» десе, Абай атамыз:
«Ақылға сыймас Ол Аллаһ
Тағрифқа (түсіндіруге) тілім қысқа-ақ» деп осы ақиқатты жария етеді.
Ал Декарт былай дейді: «Адам әр нәрсесімен шектеулі. Ал шектеулі шексіздікті түсіне алмайды.»
Иә, адам әр нәрсесімен шектеулі. Көзінің көре алатын алаңы, құлағының есту қабілеті бәрі, бәрі шекті болғаны сияқты ақылыда шектеулі. Ал шекті мен шексіз Аллаһты қалай ғана толық түсінбекпіз. Ол жаратушы, біз жаратылғанбыз. Жаратылған бір нәрсе Жаратушысын «неге толық түсінбеймін?» деп шағым айта ала ма? Ақылымыз да, жанымызда жаратылған. Осылай бола тұра біз жаратылған заңды толық түсіне алмадық. Ал енді жаратылған бір нәрсені түсіне алмай жатып жаратушымыз, еш теңдесі жоқ шексіз Аллаһты қалай толық түсінбекпіз?! Батыстың атақты ойшылы Бергсон былай дейді: «Ақылдың ең соңғы аялдамасы - өзінің әлсіздігін мойындауы»
Аллаһтың мәңгілік сипатын қабылдағысы келмеген өркөкірек материалистер, сол сипатты жансыз материяға береді. Осылайша мәңгілік сипатын түсінбесе де бәрі бір қабылдап тұр. Бірақ шынайы иесі Аллаһқа беру бір басқа да, қателесіп жансыз материяға беру бір басқа.
Құрметті Мұсылман ағайындар! Өздеріңізге ұсынылып отырған "Аллаһ бәрін жаратты, ал Аллаһты кім жаратты" атты бұл алтын мақаланың да авторы қазіргі Қазақ елімізді көптеген кітаптарымен сусындатып жүрген Ислами Ғалымдарымыздың бірі Қайрат Жолдыбайұлының "Ұлы жаратушыға иман (Алматы-2003)" атты кітабынан жариялап отырмын.
|