Бейсенбі, 28.11.2024, 10.28.28
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 1
Конактар: 1
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Уагыз - насихаттар

Біз осы кімге табынудамыз?
Ағайындар!
Біз осы кімге табынудамыз?

 

           
         Ия, сонау көне Түркістан қаласының ең көрнекті жерінен орын алған кесене, тарихтада үлкен орны бар екені, сондай - ақ, сол алып кесененің иесі болған, тіпті ел аузында әулие атағына жеткен Құл Қожа Ахмед Яссауи екендігі баршаға аян.

         Ендігі кезде «Хикметтер» деген секілді және басқада кітаптарына көз салар болсақ расында Ислами ілімді кісі екендігін айқын - ақ аңғарамыз. Ендеше жане бір жайтқа көңіл бөлер болсақ «Сол себебтен алпыс үште кірдім жерге» - деген өлең жолдары Пайғамбарымызға (с.а.с) деген үлкен арнайы құрметі мен жанынан артық сүйгендігіне дәлел секілді.

         Расында ол жайында деректер өте көп, және сол деректердің көпшілігі де оның ғұлама, әулие екендігін растап жазады. Әрине оған келісемін де. Алайда көптеген аударылған кітаптарында қателіктер кездесетіні де белгілі, бұл деген сөз Қожа Ахмед Яссауидің ілімін я болмаса әулиелігін жоққа шығару емес, бәлкім сол кітаптарды аударушылардың қателіктері болар. Демекші болғаным көптеген кітаптарда әулелігін мойындай келе кей бір харам, тіпті Аллаға серік қосуға дейін алып келеді.    

         Ел аузында сол кітабтардан қалыптасып келе жатқан сөздерге мән берер болсақ расында ақыл иелері қателік жерлерін түсінуі сөзсіз. Ендеше  «...Арыстан Бабтан түнесін, менен келіп тілесін» - деген сөздеріне мән беріп, күнделікті оқып жүрген «Фатиха» сүресінің 4 – аятының мағынасына бір көңіл бөліп көретін болсақ, онда «Тек қана (Ия Аллаһ) саған ғана құлшылық етіп және тек қана сенен ғана жәрдем сұраймын» - делінген. Ендеше Ислам ілімі бар ғұлама әрі күнделікті намазының әр-бір ракатінда оқитын осы «Фатиха» сүресінің мағынасын әулие Қ.А.Яассауи білмей «...Менен келіп тілесін» - дегендей Аллаға серік қосатын осындай күпір сөздер айтуы мүмкін бе?

Пайғамбарымыз Мухаммед(с.а.с) бір хадисінің мағынасында «Мен дүниеден өткеннен соң, Иса (а.с) пайғамбарға табынып кеткендей менің қабіріме келіп табынып кетпеңдер» - деген сөздерін, сондай жанынан артық сүйіп Пайғамбарымыздың құрметіне 63 - жасында жер астында қалған өмірін өткізген ғұлама Қ.А Яассауи елемей «...Менен келіп тілесін» деген сөздерді айтуы ақылға қонатын жайт па екен ағайындар?

Соның салдарынан болар, қазіргі кезде қаншама қандастарымыз Арыстан баб басына барып түнеп, Қ.А. Яассуидің басынан тіпті көз жасында аямастан тілектерін тілеп табынып жүргендеріне де куә болып жан ашырлық халіммен кішкене болса да халқымды туралыққа бағыттар деген ниетпен қолыма қалам алып отырмын.

Ендеше Абай атамыздың мына бір шумақ өлеңімен:

«Кеше бала ең, келдіңғой талай жасқа,

Көз жетті бір қалыпта тұралмасқа.

Адамды сүй, Алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде онан басқа» - деп сөзімді тамамдаймын.  

  

 

Категория: Уагыз - насихаттар | Добавил: akikat (11.05.2007) | Автор: Женіс Маткаримов
Просмотров: 3761 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.7/6 |
Всего комментариев: 3
3 Қуандық  
0
Өте жақсы жазылган, рахмет АЛЛАХ разы болсын

2 erkosh__  
0
джихат дегенiмз не?
Ответ: Сұрағыңыз орынды екен, бірақ сұрағыңызды Сұрақ-жауаптар деген бөлімде қойсаңыз? Сонда жауап ала аласыз!

1 Айдана  
0
Бул маселеге токталатын болсак, шынымен де мектеп кезінен біз Арыстан баб, Х.А.Яассауи бабаларымыздын кесенелеріне барып зиярат еттік.Бізге ешкім де ештеме тусіндірмесе, біз шыныменде нені дурыс, нені буыс істеп жатканымызды білмедік.Сондыктан мектеп кезінен балаларды тура жолага салу керек деп ойлаймын.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ