Жексенбі, 01.12.2024, 06.43.48
АқиқаТ
Меню сайта
Құран тындаңыз

Сауалнама
Сіз намаз оқыйсызба?

Барлық дауыстар: 2377
 
Сайт көрсеткіші

Барлык онлайндар: 1
Конактар: 1
Колданушылар: 0
Сайтқа кіру
Главная » Статьи » Діни макалалар » Ислам тарихы жайында

ШАЙТАН және ЖЫН екеуінің айырмашылығы
      Бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһ Тағала Адамды (а.с) жаратып, оған барлық атаулы есімдерді үйретті. Сөйтіп барлық періштелерге Адамға (а.с) сәлем беріп сәжде етуіне бұйырған-тын. Сонда Аллаһ әміріне бой ұсынған барлық періштелер сәжде жасап, Ібіліс деп аталатын махлұқ сәжде етпей Аллаһ әміріне қарсы келген еді. Әрине бұл қиссаны барлығымыз білеміз. Бірақ аятқа қарайтын болсақ Ібіліс періште емес. Оның періштелерден емес екендігі жөнінде барлық Ислам ғалымдары мойындайды. Құранда Аллаһ Тағаланың айқын түріде мынадай аят бар: «...Біз періштелерге Адамға тағзым етіңдер дедік. Олар дереу тағзым етіп, бас иді. Тек қана Ібіліс бас тартып, өркөкіректік қылып, кіпірлерден болды» делінген болса Имам Муслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с) «Періштелер нұрдан жаратылған, жындар от жалынынан жаратылған, ал адам болса өздеріңе (Құранда) түсіндірілген нәрседен жаратылған» - деген. Демек, осы аят-хадис арқылы Ібіліс періштелерден емес, жыннан екенін аңғарамыз.
       Құран аяттарын оқып отырсақ кей жерлерде лағінеті малғұн «Ібіліс», кей жерлерде «шайтан» деп айтылған. Сонда оның екі есімі бар ма? Әлде екеуі бір мағына ма? 
 Аллаһ Тағаланың әміріне тәкаппарлық етпей тұрған кезде есімі «Ібіліс» болған. Ал, Шайтан – араб тілінде (شطن) деген етістіктен шығады. Яғни алыстау деген мағынаны береді. Ібіліс Аллаһ әміріне пасықтық етіп, бой ұсынудан және бой ұсынушылардан сондай-ақ тәубе етуден алыстады. Жәннаттан және Аллаһтың кешірімінен алыстады. Сол себептен алыстушы яғни Шайтан – деп аталды.  
       Не үшін Ібілістің шайтан деп аталғанын білдік. Ендігі кезде Шайтанмен жынның айырмашылығы қандай? Соған тоқталып өтсек.
     Жындар шайтаннан емес, Шайтан - жындардан болып табылады. Аллаһ әміріне пасықтық еткен жындар – Шайтан деп айтылады. Бірақ мұсылман, мүмін жындар да бар. Олар шайтан деп айтылмайды.
       Иә, көпшілігіміз жындардың мұсылманы бола мекен? - деп таңырқап та, қалай екенін түсінбей жатқандарда баршылық. Құран кітапты ашып қарайтын болсақ «Жын» деген арнайы сүрені кезіктіреміз. Сол «Жын» сүресінің 1-2 аяттарында «(Мұхаммед, оларға): «Маған жындардың бір тобының (Құран) тыңдағаны жайлы уахи етілді», де. Сонда жындар: «Шынында біз бір ғажап Құранды естідік. Ол бізді тура жолға салады, енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз» - делінген. 
      Міне жындардың бір тобы Құранды тыңдап, сол Құран тура жолға бағыттарын біліп, расында ғажап сөздер айтылғанын түсініп, Аллаһқа серік қоспай мұсылман болды. Бұдан аңғаратынымыз жындардың тәкаппарлық етіп Аллаһ әміріне қарсы келген жындар шайтан, Құраннан ғажап аяттар тыңдап мүмин болған жындарды мұсылман жындар деп атаймыз. 
      Жындардың екіге бөлінгенін аңғарғандай болдық. Енді ол екі топтағы жындар адамдарды азғырады ма? Әлде мұсылман жындардың зияны жоқ па? Сол жайында тоқталып өтсек.
Қарапайым түрде жауап берер болсақ, мұсылман жындардың адам баласына еш зияны жоқ, азғырмайды да. Ал, кіпір жындар яғни шайтандар олар әрдайым адам затты азғыруда және өзімен бірге тұмаққа алып кетуге атсалысады. 
        Шайтандар тіпті адам түсіне де кіріп азғырады. Жалпы айланың әр қилы жолдарын қолданады. Тек пайғамбарымыздың кейпінде ғана адамның түсіне ене алмайтынын Аллаһ елшісі (с.а.с) өз хадисінде айтып өткен. 
Қазіргі кезде көп орын алып жатқан тәуіп-емшілер, балгерлер мен ақ киген зияратшылардың мән жайын қарар болсақ. Барлығыда түстеріне арғы аталары немесе қазақтың дарынды дүниеден өткен тұлғалары кіріп, мен сені пәленше деген атаңның аруағы боламын. Қызым не ұлым сен бұдан былай намаз оқуың керек деп насихаттайды. Шайтан жақсылыққа насихаттамасын барлығымыз білеміз. Ойларында ештеңе жоқ, діннен хабарсыз кісілер О, түсіме атам еніп намаз оқуға үндеп жатыр деп намаз үйрене бастайды. Сосын күндер өте сен намазды үйрендің енді адам емдесең болады. Мен өзім қолқанат болып тұрамын десіп түсіне кірген атасы емшілікке жіне палшылыққа үйретеді. Сонымен қалай Аллаһқа серік қосып шайтанға арбалғанын сезбейде қалады. 
      Ойланып көрелік. Шайтан азғырудан өте шебер тіпті жақсылықты айтып тұрып жамандыққа бұрып алады. Оны байқамайда қаламыз. Сондықтан адасып кетпеуіміз үшін діннен хабарымыз болып, намаз оқып сақтықта жүргеніміз дұрыс болады. Енді шайтанның ата-баба кейпінде түске еніп намаз оқуға насихаттауының мәнісіне мән берсек қиындықсыз түсіне алар едік. Аллаһ намаз оқуға баршамызға бұйырған, бірақ оған амал етпей жүріп ата-бабамыз түске енгенде намаз бастауымыз Аллаһ сөзін елемей ата-баба сөзін елегендік болып саналады. Бұлай әрине күнаға апарары сөзсіз. Сосын бұл намаз арқылы күнаға бір батырған болса, артынан емшілікке итермелеп пал аштырғаны үлен кешірілмес күнаға яғни Аллаһқа серік қосуға алып келеді.
        Қадірлі ағайын! Құран аяттарымен Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистеріне амал етіп жүрейік. Құранда «Фатыр» сүресінің, 6 аятында: «Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендерде оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады» - деген. 
       Ақыл иелеріне осы аяттың өзі жеткілікті сияқты. Аллаһ шайтанның азғыруынан, бәле-жалаларынан сақтап, барлығымызды сүйген құлдарының қатарынан етсін. Әмин!

  
                                                        
        Жеңіс ӘБИБУЛЛАҰЛЫ



Категория: Ислам тарихы жайында | Добавил: akikat (18.05.2009)
Просмотров: 4345 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.5/4 |
Всего комментариев: 2
2 bakit.3110  
0
ALLANIN NURI JAUSIN

1 Шынар  
0
жын мен шайтаннын ара жигин ажыратып айтып бергениниз ушин рахмет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Намаз уақыты
Сайттан іздеу
Сайттар

Админ. Жеңіс МАТКАРИМОВ