Бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһ Тағала Адамды (а.с) жаратып, оған барлық атаулы есімдерді үйретті. Сөйтіп барлық періштелерге Адамға (а.с) сәлем беріп сәжде етуіне бұйырған-тын. Сонда Аллаһ әміріне бой ұсынған барлық періштелер сәжде жасап, Ібіліс деп аталатын махлұқ сәжде етпей Аллаһ әміріне қарсы келген еді.